Иранда карантин жарияланды

0
3 013

Жергілікті билік тұрғындардан үйде қалуды сұрады.


Иранда карантин жарияланды

ERNUR.KZ. Иранның Оңтүстік Ахваз қаласында ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 51 градусқа жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Аптап ыстық салдарынан елде екі күндік карантин жарияланды. Бұрын-соңды тіркелмеген мұндай жоғары температура оңтүстіктегі бірнеше қалада байқалды.

Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларды төтенше жағдайға дайындап жатыр. Ел астанасы Тегеранда температура 39 градусқа жеткен. Айта кетерлігі, соңғы аптада мұндай жағдай Жер шарының көп бөлігінде тіркелді. Ғалымдар оны антропогендік климаттың өзгеруімен байланыстырады.