Ирандағы от фестивалі кезінде 26 адам қаза тапты

0
362

Бұл мерекеде ирандықтар оттың үстінен секіру және пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан күйіп қалады.


Ирандағы от фестивалі кезінде 26 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Иранда Чахаршанбе-Сури от фестивалін тойлау кезінде 26 адам қаза тауып, 4360 адам жарақат алған, деп жазады inform.kz.

Бұл мерекеде ирандықтар оттың үстінен секіру және пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан күйіп қалады. Өткен жылы бұл мереке кезінде 700-ден астам адам жарақат алып, кем дегенде 17 адам қайтыс болған.

ТАСС агенттігінің жергілікті ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлауынша, Иранның төтенше жағдайлар қызметінің басшысы 1400-ге жуық шұғыл медициналық пункт мерекелерге дайын екенін айтқан. Тек Тегеранның өзінде бір күнде өрт қаупі туралы 1800 қоңырау түсіп, астананың 2 тұрғыны қаза тапқан.

Чахаршанбе-Сури – Ирандағы көне от мерекесі, көктемнің келуі мен табиғаттың қайта жандануын білдіреді.

Чахаршанбе-Сури күнтізбелік жылдың соңғы сәрсенбісіне қараған түні тойланады (Иранда сәрсенбі «чахаршанбех» деп аталады), бірақ мерекенің өзі екі-үш апта бұрын басталады.

Дәстүр бойынша ирандықтар тәтті және қышқыл жаңғақтардың ерекше қоспасын жеп, кешке көшеде от жағып, үстінен секіреді. Қазіргі мерекелік дәстүрлерде пиротехникалық заттарды қолданылады.