Италияда мектептер мен дүкендер қайта жабылады

0
2 500

Мемлекет жаңа локдаунға дайындалуда.


Италияда мектептер мен дүкендер қайта жабылады

ERNUR.KZ. Италиядан 15 наурыздан бастап қайта локдаун енгізеді. Нью-Йоркте коронавирус құрбандарын аза тұту шарасы өтті. Ал Өзбекстан елге келетіндер үшін талапты өзгертті, деп жазады ҚазАқпарат.

Италия өткен жылы коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулерді жариялаған алғашқы елдердің бірі. Енді мемлекет жаңа локдаунға дайындалуда. Коронавирустың келесі таралу қаупіне байланысты 15 наурыздан бастап Италияда мектептер, мейрамханалар, дүкендер мен мұражайлар жабылады. Католиктік Пасха мейрамы уақытында шектеулер өз күшінде қалады.

Нью-Йоркте коронавирус инфекциясы расталған алғашқы адамның қайтыс болуынан бір жыл өткен соң, мегаполисте пандемияның 30 мыңнан астам құрбанын аза тұту мемориалдық шарасы өтті. Нью-Йорк қаласы 2020 жылдың көктемінде АҚШ-тағы COVID-19 эпицентрі атанған болатын.

15 наурыздан бастап Өзбекстанға кіретін азаматтарды коронавирусқа міндетті тестілеу тоқтатылады. Әуежайларда, вокзалдарда және шекаралық өткізу пунктерінде тест тапсырудың орнына елге келгендер коронавирус инфекциясының жоқ екендігін растайтын ПТР-анықтама ұсынуы тиіс. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы қажет.