Коронавирус анықталған адам 90 күн бойы ауру жұқтырады - маман

0
550

Талдаулары жақсы нәтиже көрсеткен адамнан вирус мұрнынан бөлінеді.


Коронавирус анықталған адам 90 күн бойы ауру жұқтырады - маман

ERNUR.KZ. Коронавирус анықталған адам 90 күн бойы ауру жұқтырады. Бұл туралы Ресей ғылым академиясында өткен президиумда Роспотребнадзор басшысы Анна Попова айтты, - деп жазады тengrinews.kz.

Ресей мамандарының айтуынша, бұл аурумен ауырған адам 48 күнге дейін вирус таратуы мүмкін. Ал шетелдік сарапшылар вирус 90 күнге дейін таралуы ықтимал екенін айтады.

"Аурудың симптомы жоқ, қан талдамасы, басқа да талдаулары жақсы нәтиже көрсеткен адамнан вирус мұрнынан бөлінеді", - дейді Анна Попова.