Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түссіз жоғалып кетті

0
465


Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түссіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. "Қырғызстан тауларында төрт альпинист жоғалып кетті, олардың үшеуі - ресейлік және Литваның бір азаматы, деп жазады tengritravel.kz.

"Он бірінші шілдеде альпинистер "Ақсай трэвел" компаниясы және туристік сақтандыру полисімен келісімшарт жасап, Ыстықкөлдегі лагерьге қоныстанды. Сол күні Жеңіс шыңына аттанды. Соңғы рет туристер тобы 6900 метр биіктікті бағындырып, 19 шілдеде байланысқа шыққан", - дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Оның сөзінше, "Ақсай трэвел" топтың спутниктік телефонының орнын анықтап, 24-26 шілдеде жалға алынған тікұшақпен іздеу операциясын жүргізді, алайда одан нәтиже шықпады.

Министрлікте нақтылағандай, 27 шілдеде Ресейдің ТЖМ-не жедел-іздеу шараларын өткізу бойынша ресми сұраныс түсті. Сол кезде альпинистерді іздеуге "Эдельвейс" отрядының 7 құтқарушысы мен Қырғызстанның республикалық жеке құтқарушы отрядының 16 қызметшісі қосылды.

"Қазіргі таңда ТЖМ қызметкерлері көшкін жүру мен шыңға шығудың бақса да қатерлерін ескере отырып, іздеу жұмыстарын қауіпсіздік шарасын қатаң ұстанып жүргізуде", - деп атап өтті ведомствода.