Қырғызстанда төтенше жағдай жарияланды

0
587

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 16 адамға жетті.


Қырғызстанда төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бірнеше қала мен ауданда төтенше жағдай енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Президент төраға, елдің премьер-министрі және Жоғарғы соттың төрағасымен кездесу барысында Бішкек, Ош, Жалал-Абад, Ноқат, Қарасу, Созақ аудандарында төтенше жағдай жариялатынын мәлімдеді.

Президент қажетті қаулыларға қол қойылғанын және оның Жоғарғы Кеңеске жолданғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, төтенше жағдай режимі ертең, 25 наурызда сағат 08.00-ден бастап 15 сәуір сағат 08.00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 16 адамға жетті. Соңғы екеуі 23 наурызда анықталды. Олардың 15-і Сауд Арабиясынан келген және біреуі Франциядан келген.