Қытайда "Эрис" инфекциясы жылдам таралып жатыр

0
624

Қазіргі уақытта "Эрис" әлемнің 50-ден астам елінде анықталып отыр.


Қытайда

ERNUR.KZ. Қытайда "Эрис" инфекциясы жылдам таралуда. Жергілікті дәрігерлердің мәліметінше, сәуірде ковидке шалдыққандар арасында, оны жұқтырғандар 0,6 пайыз ғана болған, деп жазады zakon.kz.

Ал тамызда мұндай науқастардың қатары 71 пайыздан асқан. "Омикронның" бір тармағы саналатын бұл вирус 2021 жылдың қарашасында пайда болды, деп жазады qazaqstan.tv.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, ол басқа нұсқаларға қарағанда қоғамдық денсаулыққа көбірек қауіп төндірмейді.
Қазіргі уақытта "Эрис" әлемнің 50-ден астам елінде анықталып отыр. Ал АҚШ-та коронавирус диагнозы қойылғандардың 17%-нан осы штамм расталған.