Маман әжетханаға телефонын алып кіретіндерге ескерту жасады

0
1 304

Бұл әдет тік ішекке қысым түсіріп, бірте-бірте геморрой немесе анальды жарықшақтардың дамуына әкеледі.


Маман әжетханаға телефонын алып кіретіндерге ескерту жасады

ERNUR.KZ. Гастроэнтеролог Джозеф Салхаб телефонмен дәретханаға бару әдеті денсаулыққа зиян келтіретінін айтты, деп жазады stan.kz.

Маман газет-журнал оқитын немесе телефонмен ойнайтын адам әжетханада көбірек уақыт өткізетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл әдет тік ішекке қысым түсіріп, бірте-бірте геморрой немесе анальды жарықшақтардың дамуына әкеледі.

Сонымен қатар дәрігер әжетханаға гаджетпен кіру гигиеналық себептерге байланысты ұсынылмайтынын ескертті.

"Біріншіден, құрылғының бетінде патогенді бактериялар қалып кетеді. Әжетханаға өзіңізбен бірге телефон алып кірмес үшін ас қорытуды жақсартыңыз. Ол үшін, ең алдымен диеталық талшықты көп тұтынуыңыз қажет. Мысалы киви, алма, алмұрт, қара өрік және С дәруменіне бай тағамдар. Олар іш қатуға қарсы тұра алады. Сонымен қатар күні бойы сұйықтықты көбірек ішуге тырысыңыз", – деді гастроэнтеролог.