Мексикада бірнеше қаланы су басты

0
715

Табиғат апатына байланысты мектептер мен порттар уақытша жабылған.


Мексикада бірнеше қаланы су басты

ERNUR.KZ. Мексиканың солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан Калифорния штатындағы бірнеше қаланы су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатына байланысты мектептер мен порттар уақытша жабылған. Көптеген мекемелер де жұмысын тоқтатты. Аймақта тас және темір жолдарды су шайып, байланыс қиындаған. Ал ауа райын болжаушылар алда тағы жаңбыр жауатынын ескертіп отыр. Айта кетейік, АҚШ-тың Мексикаға жақын орналасқан Аризона мен Калифорния штаты да су тасқынынан зардап шегіп жатыр. Аризонада төтенше жағдай жарияланды.