"Мұрны мен құлағын кескен": Бұрынғы әйелін аяусыз қорлаған оқиғаның куәгерлері жаңа деректермен бөлісті

0
1 078

Көршілері полиция шақырмағанда және олар дер кезінде келмегенде, қаскүнем қызды бөлшектеп кетуі мүмкін еді.


ERNUR.KZ. Қырғызстанда 36 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуі оның мұрны мен құлағын кесіп, басқа да дене жарақаттарын аяусыз қорлықпен салған. Әйелдің анасының айтуынша, егер көршілері полиция шақырып үлгермегенде ер адам оның денесін тіпті бөлшектеп тастамақ болған. Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға туралы куәгерлер айтып берді, деп жазады stan.kz.

Аталған факті бойынша бүгінде Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер қылмысқа күдікті – зардап шеккен әйелдің бұрынғы күйеуін ұстады. Ол екі айға уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Деректерге сай, оның бұрын да істі болғаны анықталды.

Көршілер полицияға хабарламағанда денесін бөлшектер еді…

Әселдің туысқан әпкесі Диананың айтуынша, ол күйеуінің зорлық-зомбылығына бұрын да шыдамай, ажырасқан. Ал анасы қызының ажырасқаннан кейін 4 жыл уақыт бойы Италияда жұмыс істеп табысына пәтер алғанын айтады.

Катаганованың айтуынша, көршілері полиция шақырмағанда және олар дер кезінде келмегенде, қаскүнем қызды бөлшектеп кетуі мүмкін еді.

"Маған Әсел бейнеқоңырау арқылы хабарласты. Телефонды ұстауға оған полицей көмектессе керек. Мен оның мұрны мен құлағы жоқ екенін көрдім де бірден Токмоктан шықтым. Пәтерге келдім. Қызымнан екі литр қан кеткен. Сол кезде қызымды көруге жүрегім дауаламады", - деді ол.

Әселдің анасы Қырғызстан президенті мен барлық қырғызстандықтардан көмек сұрады.

“Ол қызымның құлағы мен мұрнын кесіп тастаған.Тамақ тұсында кескен. Бірақ құдайға шүкір, тамырына жетпепті. Өзімнің күйеуім жоқ, кіші қызым мен екі немерем бар. Әселдің жағдайы ауыр. Мен президент Садыр Жапаров пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтен маған көмектесуін сұраймын. Осындай қиыншылықта жалғыз қалдырмаңыздар! Көмектесіңіздер, өтінемін! Қырғыздар, кәсіпкерлер, қызыма тағы бірнеше ота жасау керек, қолдаңыздаршы", - деді жәбірленушінің анасы.

Ал көршілерінің айтуынша, олар таңертең пәтердегі шудан оянған. Әйелге жылама деп айғайлаған ер адамның сөзінен соң көршілері дереу полиция шақырған. Куәгердің айтуынша, тұтқындау кезінде жәбірленушінің бұрынғы күйеуі тіпті келген тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.

"Үйдегінің бәрі қанға боялған. Мүшелерін сүйегі көрінетіндей етіп кесіп тастапты. Аяусыз азаптаған. Қанша уақыт азаптағанын бір құдай біледі", - деді көршісі.

Әселдің бұрынғы күйеуі оны аңдып, қорқытып жүрген. Ал полиция оны қылмыс болған күні сыртқа алып шыққан кезінде қаскүнем Әселге егер арыз жазса өлтіретінін айтып айғайлаған.

Сұмдықты балалары көрген...

Анасы Тинатин Катаганова үлкен немересі 16 жаста, кенжесі 11 жаста екенін айтты. Тіпті бұл сұмдықтың бәрін балалардың көргенін жеткізді.

Осы тұста балалар құқығын қорғаушылар лигасы" ҚҚ директоры Назгүл Тұрдубекова оның қоры Бішкек денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Әселдің балаларына психологиялық және медициналық көмек көрсететілетінін айтты.

"Бүкіл отбасы, соның ішінде балалардың әжесі (жарақаттанған әйелдің анасы) қолдауға мұқтаж екені анық. Өйткені ол енді қызы мен балаларына қамқорлық жасайды. Бұрын тігінші болып жұмыс істеген. Ал енді ол жұмыс істей алмайды", - деді Тұрдубекова.

Қазір Әселге көп медициналық көмек пен бірнеше ота жасату қажет. Дәрігерлер әзірге мұрын мен құлақтың есту, сезу қабілетін емдеумен айналысуда. Толықтай емделген соң пластикалық ота да қажет болады.

Еске салсақ, Қырғызстанда 39 жастағы ер адам бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.