Өмірді ұзартудың қарапайым әдісі аталды

0
2 716

​Бір сағат серуендеу қарт адамдардың өмірін ұзартуға көмектеседі. Сонымен қатар, дәрі-дәрмекке аз ақша жұмсалады, дейді жапон ғалымдары.


Өмірді ұзартудың қарапайым әдісі аталды

ERNUR.KZ. Күнделікті таза ауада серуендеу өмірді ұзартады. Жапон ғалымдары серуендеуге жұмсалған бір сағаттың қартайған адамдардың денсаулығына оң әсер ететінін анықтады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

British Medical Journal-да жарияланған зерттеу авторлары жылдам қарқынмен, минутына жүз қадамдай жүру керек екенін атап өтті.

13 жыл ішінде мамандар 40-79 жас аралығындағы 27 мың еріктіні бақылаған. Күніне кем дегенде бір сағат жүретін қатысушылар белсенділігі төмен адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүретін болып шықты.

Сонымен қатар, бірінші топтағы адамдар дәрігерлердің қызметіне аз ақша жұмсаған. Осылайша, белсенді ер адамдар бұл мақсатқа 7,6%, ал әйелдер 2,7% аз қаржы шығындаған.

Авторлар сонымен бірге осы кеңеске құлақ асатын адамдар артық салмағына қарамастан ұзақ өмір сүретінін мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық ғалымдар басқа бір зерттеуінде күнделікті медитация да өмір сүру ұзақтығына ықпал ететінін анықтаған болатын. Зерттеушілердің айтуынша, медитация практикасы күйзелісті және үрей сезімін төмендетуге көмектеседі, сол арқылы адамның өмірін ұзартады. Яғни қан қысымының тұрақтануы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қаупін төмендетеді.