Оңтүстік Африка БҰҰ сотында Израильді геноцид жасады деп айыптады

0
261

Оңтүстік Африка Израильдің әскери операциясын дереу тоқтату туралы уақытша бұйрық шығаруды талап етті.


Оңтүстік Африка БҰҰ сотында Израильді геноцид жасады деп айыптады

ERNUR.KZ. Оңтүстік Африка БҰҰ-ның халықаралық сотына Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін геноцид деп тануды талап етіп, арызданды, деп жазады stan.kz.

Оңтүстік Африка Израильдің әскери операциясын дереу тоқтату туралы уақытша бұйрық шығаруды талап етті. Енді оны қабылдау үшін бір апта қажет болады, ал тергеу бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Израиль өз тарапынан тағылған айыптарды "жала" деп санайды және халықаралық ережелерге сәйкес әрекет ететінін, бейбіт тұрғындарға келтірілген зиянды шектеуге және гуманитарлық көмекті өткізіп жіберуге тырысатынын атап көрсетті.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Оңтүстік Африканың Тель-Авивке қарсы арызын жала деп айыптап, Израиль әскері әлемдегі ең әділ деп мәлімдеді.

"Жоқ, Оңтүстік Африка, біз емес, ХАМАС геноцид жасауға келді. Мүмкін болса, олар бәрімізді өлтірер еді. Екінші жағынан, ЦАХАЛ адами құндылықтарды сақтап, бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеу үшін бәрін жасайды, ал ХАМАС оларды тірі қалқан ретінде пайдаланып, тұрғындарға соққы беру үшін бәрін жасайды", – деді Нетаньяху.