Оскар—2018: Жылдың үздік актрисасы анықталды

0
1 494

​Бүгін Голливудта кино майталмандары арасында «Оскар» сыйлығын табыс ету шарасы өтіп, дәстүр бойынша жылдың үздік актрисасы да белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.


Оскар—2018: Жылдың үздік актрисасы анықталды

фото: Baq.kz

Бүгін Голливудта кино майталмандары арасында «Оскар» сыйлығын табыс ету шарасы өтіп, дәстүр бойынша жылдың үздік актрисасы да белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Үздік актриса» номинациясы бойынша алтын мүсінді «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» фильмінде өз рөлін тамаша сомдап шыққаны үшін Фрэнсис МакДорманд иеленді. Аталған номинация бойынша Фрэнсиспен бірге тартысқа Салли Хокинс («Су пішіні»), Марго Робби («Мен, Тоня»), Сирша Ронан («Берд ханым») және Мэрил Стрип («Құпия өмірбаян») түскен болатын.

Бұл Фрэнсис МакДормандтың Америка киноакадемиясынан алып отырған екінші сыйлығы. Актриса, сондай-ақ, Ұлыбритания Киноакадемиясы сыйлығын да иеленген.

Ескерту!