Өзбек билігі Гүлнәр Каримованың шетелдегі 130 млн долларын қайтарып алмақ

0
530

Қомақты қаражатты қайтару үшін БҰҰ көпжақты траст қоры құрылады.


Өзбек билігі Гүлнәр Каримованың шетелдегі 130 млн долларын қайтарып алмақ

ERNUR.KZ. Франция Өзбекстанға экс-президент Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримоваға тиесілі 10 млн қайтарды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз хатшысы Севара Уринбаева айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылғы 11 ақпанда Швейцария мен Өзбекстан тарапы келіссөздер өткізді, оның барысында қос делегация Біріккен Ұлттар Ұйымы көпжақты сенім қорын құруға келісті", - деп жазылған баспасөз хатшысының хабарламасында.

Қор Гүлнәр Каримоваға қатысты қылмыстық іс жүргізу шеңберінде тәркіленген активтерді қайтару үшін пайдаланылады. Сондай-ақ ол Швейцарияда әлі де жалғасып жатқан қылмыстық іс жүргізу аясында болашақта тәркіленуі мүмкін кез-келген қосымша активтерді елге қайтару үшін қызмет етеді.

Қорды басқару тетігі Швейцария, Өзбекстан және БҰҰ өкілдерінен тұрады. Осылайша, Швейцария мен Өзбекстан реституция процесіне қатысады.

Қор жұмысын Швейцария мен Өзбекстан арасындағы реституция туралы заңды міндеттейтін келісімге қол қойылғаннан кейін бастайды.

Хабарламада бүгінде шетелден шамамен 131 млн доллар қайтару керегі жазылған. Айта кетейік, 2020 жылғы мамырда Өзбекстанның Әділет министрлігі Франциядан Гүлнәр Каримоваға тиесілі 10 млн доллар активнін қайтарған еді.