Өзбекстанда 15 бала балабақшада торттан уланған

0
422

Шілде айының соңында Наманган облысының Уйчин ауданындағы отбасылық балабақшада 15 бала торттан уланды.


Өзбекстанда 15 бала балабақшада торттан уланған

ERNUR.KZ. Балалар ауруханаға жатқызылды және көп ұзамай ауруханадан шығарылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Өзбекстанның Облыстық мектепке дейінгі және мектептік білім басқармасының хабарлауынша, 25 шілдеде Уйчин ауданындағы "Гүлшан" отбасылық балабақшасының 15 тәрбиеленушісі аудандық медициналық бірлестікке улану күдігімен жеткізілген.

Тексеру нәтижесінде балалардың "сапасыз" тортпен уланғаны анықталды, оны тәрбиеленушілердің бірінің ата-анасы әкелген және тәрбиеші балаларға "өз еркімен" берген.

Сол күні жағдайы жақсарған 13 бала үйге қайтарылды. Келесі күні тағы екеуі ауруханадан шығарылды. Барлық балалардың жағдайы жақсы.

"Мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оларға балабақшаға тез бұзылатын өнімдерге, газдалған сусындар мен ұн өнімдеріне тыйым салынғанын еске салды", — делінген хабарламада.