Өзбекстанда әкесі жаңа туған қызын 1,3 млн теңгеге сатпақ болған

0
776

Ол төрт жыл 29 жастағы әйелмен азаматтық некеде тұрған.


Өзбекстанда әкесі жаңа туған қызын 1,3 млн теңгеге сатпақ болған

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Сурхандария облысының Ангор ауданында ер адам екі күндік қызын 1,3 миллион теңгеге сатпақ болған, деп жазады zakon.kz.

Бұл құқық бұзушылықты полицияға оның көршісі хабарлаған. Оның айтуынша, Ангор ауданында тұратын 54 жастағы ер адам қызын 35 миллион сумға (1,3 миллион теңгеге) сатпақ болған.

Ол төрт жыл 29 жастағы әйелмен азаматтық некеде тұрған.

Ер адам 1,4 мың доллар мен 10 миллион сум алып жатқан жерінде өз үйінде ұсталды.

Бұл факті бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің адам саудасы бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.