Өзбекстанда шілдедегі аптап ыстық абсолютті рекордқа жетті

0
991

22-23 шілде күндері Өзбекстанның бірнеше өңірінде ауа температурасының рекорды жаңарған.


Өзбекстанда шілдедегі аптап ыстық абсолютті рекордқа жетті

ERNUR.KZ. Өзбекстанда шілденің аяғында тіркелген аптап ыстық көрсеткіші метеобақылау тарихындағы температуралық максимум рекордына жетті, деп жазады inform.kz.

Өзгидрометтің мәліметінше, 22-23 шілде күндері Өзбекстанның бірнеше өңірінде ауа температурасының рекорды жаңарған.

22 шілдеде абсолютті температуралық рекордтар Хорезм облысының Туямуюнінде (+ 47,5 градус) және Навои облысының Үшқұдығында (+ 46,3) белгіленді. Алдыңғы рекордтар 2021 жылы сәйкесінше +46,1 және +46,2 градус деңгейінде тіркелген енді.

Сол күні Нүкісте температура рекордтық +43,7 градусқа дейін көтерілді (2018 жылғы алдыңғы рекорд - 42,2 градус). Ауа бағамы Үргеншіде - 45,4 градус (1973 жылы +41,4 градус болған), Бұқарада - 45,8 градус (2018 жылы +44,7 градус), Әндіжанада - 40,7 градус (1948 жылы +40,1 градус) көрсетті.

23 шілдеде Ташкентте ауа температурасы +42,8 градусқа дейін көтеріліп, 2018 жылғы рекордтық көрсеткіштен (+42,2 градус) асып түсті.

Синоптиктер метеорологиялық бақылаулар тарихында Өзбекстандағы ең жоғары температура (+50°) 1944 жылдың шілдесінде Қызылқұм шөлінде және Термез қаласында тіркелгенін атап өтті.