Ресей президенті сайлауында сайлаушылардың 10,40 пайызы дауыс беріп үлгерді

0
641

Дүние жүзіндегі ресейліктер үш күн ішінде үміткерлердің біріне дауыс бере алады.


Ресей президенті сайлауында сайлаушылардың 10,40 пайызы дауыс беріп үлгерді

ERNUR.KZ. Астана уақыты бойынша сағат 16.37-дегі мәлімет бойынша Ресей президенті сайлауына сайлаушылардың 10,40 пайызы қатысты. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін Ресейде президент сайлауына дауыс беру басталды. Дүние жүзіндегі ресейліктер үш күн ішінде үміткерлердің біріне дауыс бере алады.
Сайлау Ресейдің барлық аймағында өтіп жатыр.
17 наурыз, жексенбі негізгі дауыс беру күні болады.
Ресей президенті Ресей Федерациясының Конституциясына, 2002 жылғы 12 маусымдағы "Сайлау құқықтарының негізгі кепілдіктері және Ресей Федерациясы азаматтарының референдумға қатысу құқығы туралы" және 2003 жылғы 10 қаңтардағы Ресей Федерациясының президентін сайлау туралы" федералдық заңдарына сәйкес сайланады.