Ресейдегі президенттік сайлауда Путин 87,32 пайыз дауыспен көш бастады

0
475

Екінші орында 4,28 пайыз дауыс жинаған Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов.


Ресейдегі президенттік сайлауда Путин 87,32 пайыз дауыспен көш бастады

ERNUR.KZ. Ресей президенттігіне үміткер әрі қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин 2024 жылғы президенттік сайлау хаттамаларының 95,08 пайызын санау нәтижесі бойынша 87,32 пайыз дауыс жинап, көш бастады. Бұл туралы РФ Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады inform.kz.

Екінші орында 4,28 пайыз дауыс жинаған Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов, үшінші орында 3,85 пайыз дауыспен «Жаңа халық» партиясынан кандидат Владислав Даванков тұр. Төртінші орында — 3,15% дауыс жинаған ЛДПР кандидаты Леонид Слуцкий.