Ресейдің Ейск қаласында тұрғын үйге әскери ұшақ құлады

0
510

Апат болған жерде бірнеше жарылыс болып, көпқабатты үйде өрт шыққан.


Ресейдің Ейск қаласында тұрғын үйге әскери ұшақ құлады

ERNUR.KZ. Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, құлаған әскери ұшақтан ұшқыштар қашып үлгерген. Апат болған жерде бірнеше жарылыс болып, көпқабатты үйде өрт шыққан. Өрт салдарынан 9 қабатты ғимарат өртеніп, салдарынан үш адам қаза тауып, 22 адам жараланған.

Ейск орталық аудандық ауруханасында өрттен зардап шеккендерге 8 операциялық бөлме мен 11 реанимациялық төсек орналастырылған. Қазір ауруханада 11 адам жатыр, оның екеуі жүкті келіншек.

Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, өртке оранған үйде 600 адам тұрып жатыр. Билік олардың әрқайсысының қайда екенін анықтауды тапсырған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ғимаратқа кіріп, қазір пәтерлерді тексеріп жатыр.

Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатыда көтеріген кезде құлағанын мәлімдеді.

"Ұшақ Ейск қаласының ішінде апатқа ұшырады. Ұшқыштар апатқа қозғалтқыштардың бірінің тұтануы себеп болғанын айтты", - делінген хабарламада.