​Ресейлік кондитерлер шоколадтан Мессидің мүсінін жасады

0
1 469

Салмағы 60 келі болатын тәтті өнімді жасау үшін 5 кондитерлік үй 1 апта бойы бірігіп еңбектенген.


​Ресейлік кондитерлер шоколадтан Мессидің мүсінін жасады

Алтуфьево кондитерлік үйі шоколадтан Аргентина құрамасының шабуылшысы Мессидің мүсінін жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл атақты спортшының туған күніне тосын сый»,- дейді ұйымдастырушылар.

Салмағы 60 келі болатын тәтті өнімді жасау үшін 5 кондитерлік үй 1 апта бойы бірігіп еңбектенген. Туынды толығымен қолдан жасалған.

Айта кету керек, 31 жасқа толатын Мессидің туған күні Броницада өтеді. Себебі Аргентинаның ұлттық құрамасы сонда тоқтаған. Ұйымдастырушылар туған күн иесін салтанатты концерт кезінде құттықтап, ерекше сыйлықты тарту етеді.

Дарья Малкина, Алтуфьево кондитерлік үйінің бренд-шефі:

- Ресейде өтіп жатқан чемпионатқа байланысты Месси туған күнін осы жақта қарсы алады. Бұл жаңалықты білген кезде оған ерекше сыйлық жасауды жөн санадық. Шоколадтан жасалған мүсін спортшыға ұнайды деп үміттенеміз.