Сәби кезінде ұрланған бала 55 жылдан кейін табылды

0
802

Әзірге баланы кім ұрлағаны туралы нақты ақпарат жоқ.


Сәби кезінде ұрланған бала 55 жылдан кейін табылды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Мичиган штатында Дора Фрончак есімді әйелдің 55 жыл бұрын жоғалған баласы табылды, деп хабарлайды ktk.kz.

1964 жылы сәуір айында Чикаго қаласының тұрғыны Дора Фрончак босанған. Келесі күні Дора жатқан перзентхана бөліміне медбикенің киімін киген әйел кіріп, оның ұлын дәрігерге апару керектігін айтып, алып кеткен. Сол күйі ол әйелді де, баласын да ешкім таппаған. Содан кейін ата-анасы балаларынан көз жазып қалады. Осы уақытқа дейін балаларын бірде-бір рет көрмеген.

Бірнеше ай бұрын ФБР агенттері 55 жыл бұрын жоғалған баланы тапқан. Анықталғанындай, сәби есімін өзгертіп, басқа атқа ие болыпты. Ол Мичиган штатының тұрғыны болып шықты. Ол 55 жаста, қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Әзірге оны кім, қалай ұрлағаны туралы нақты ақпаратттар болмағандықтан іс әлі жабылған жоқ.