Сатушы сыраның ақшасын төлемеген жігітті атып тастады

0
1 052

Мемфис полициясы 28 жасар Әнуар Ғазалиге бірінші дәрежелі қылмыс – адам өлтіру айыбын тақты. Оқиға өткен бейсенбіде болған, алайда, полицейлердің сөзінше Ғазали қылмыс туралы дер кезінде хабар бермеген.


Сатушы сыраның ақшасын төлемеген жігітті атып тастады

суретте: Дориан Харрис (fox13memphis.com)

АҚШ-тың Теннесси шатытанда дүкен жанынан жас жігіттің мәйіті табылды. Штат полициясы оның өліміне сатушыны айыптады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ foxnews.com -ға сілтеме жасап .

Мемфис полициясы 28 жасар Әнуар Ғазалиге бірінші дәрежелі қылмыс – адам өлтіру айыбын тақты. Оқиға өткен бейсенбіде болған, алайда, полицейлердің сөзінше Ғазали қылмыс туралы дер кезінде хабар бермеген. 17 жастағы жігіттің өлі денесі дүкен жанынан сенбі күні табылды. Жеке басын анықтау барысында оның Дориан Харрис есімді азамат екені анықталған.

Жергілікті полиция өкілі Луи Браунли жасөспірімнің дүкеннен сыра алып, оның ақшасын төлемей кетіп қалуға әрекеттенгенін, Ғазали артынан қуып, атып тастағанын мәлімдеді.

"Жәбірленуші/күдікті сыраны ұрлап, дүкеннен шығып бара жатқан. Күдікті оны тоқтатуға тырысып, оған қарата оқ атқан. Және бір рет ұрған. Кеше кешкісін үйіне келе жатқан әйел жерде жатқан адамды көріп, полиция шақырды», деді Браунли.

Ғазали Шелби округының түрмесіне тоғытылды.