Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қарай 200-ден астам артиллериялық снаряд ұшырды

0
493

Осыған байланысты, Оңтүстік Корея билігі елде эвакуацияны жариялады.


Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қарай 200-ден астам артиллериялық снаряд ұшырды

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға жақын маңға 200-ден астам артиллериялық снаряд ұшырды. Ал оңтүстіккореялық екі арал тұрғындарына эвакуациялалану бойынша бұйрық берді, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар, Оңтүстік Корея мұндай әрекеттер бейбітшілікке қауіп төндіретінін ескертіп, олардың жауап қайтаруы әбден мүмкін екенін мәлімдеді.

"Бүгін 9.00-ден 11.00-ге дейін Солтүстік Корея әскері Пэннёндо аралының солтүстік бөлігіндегі Чансан-гот ауданы мен Ёнпхёндо аралының солтүстік бөлігіндегі аудандарға 200-ден астам оқ жаудырды", — деп түсіндірді баспасөз брифингінде Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің өкілі.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, снарядтар екі ел арасындағы шекара саналатын Солтүстік шектесу сызығы ауданындағы Сары теңізге құлап түскен.

"Бұл — Корея түбегіндегі бейбітшілікке қауіп төндіретін арандату амалы. Солтүстік Корея шиеленіске толықтай жауапты, біз бұл әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамыз", — деп мәлім етті Корея Қорғаныс министрлігі.

Еске сала кетсек, 2010 жылдың қараша айында Пхеньян Ёнпхёндо аралына 170 артиллериялық снаряд ұшырылып, төрт адам, оның ішінде екі бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.

Сондай-ақ, бұл — Корей соғысынан бергі уақытта ҚХДР-дің бейбіт аудандарға жасаған алғашқы шабуылы болды.