Таиландта қазақстандық бойжеткен түрмеге қамалды

0
882

Бойжеткен түрме жағдайына шағым түсірген жоқ.


Таиландта қазақстандық бойжеткен түрмеге қамалды

ERNUR.KZ. Таиландтағы көші-қон түрмесіне Қазақстан азаматы тоғытылды, деп жазады Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 1995 жылғы бойжеткен визасының мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан алты айдан астам уақыт Таиландта турист ретінде жүре берген.

- Оны депортациялайтын болады. Қыз Бангкок әуежайында ұсталды. Консул онымен жеке байланысқа шыққан. Ол шынымен де Қазақстанның азаматы болып шықты. Сот үкімі шыққанға дейін ол көші-қон түрмесінде болады. Ол жағы келесі аптада белгілі болып қалады. Болжауымызша, оны өз еліне шығарып жібереді. Әзірге, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қозғалған жоқ. Қыз түрме жағдайына шағым түсірген жоқ, - деді ол.