Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды

0
427

Дабыл Украинаның 4 облысында, атап айтқанда, Николаев, Одесса, Закарпа және Ивано-Франковск облысында қағылды.


Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды

ERNUR.KZ. Киевті қоса алғанда, Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Дабыл Украинаның 4 облысында, атап айтқанда, Николаев, Одесса, Закарпа және Ивано-Франковск облысында қағылды.
Сонымен қатар, Запорожье облысының Киев бақылауындағы аудандарында дабыл жарияланды.
Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күннен соң бастады.
Ресей билігінің мәліметінше, жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалып жатыр. Содан бері Украинада күн сайын, кейде бүкіл ел бойынша әуе дабылы іске қосылып келеді.