Ұзақ жылдар бойы шикі вегетариандық диетаны ұстанған блогер аштықтан қаза тапты

0
726

Самсонова желіде өзінің жеке блогында тек жемістермен азықтанатын, піскен тағамнан бас тартатын, диетаны насихаттап, оның әдеттегі азығы неден тұратыны туралы көрсетеді.


Ұзақ жылдар бойы шикі вегетариандық диетаны ұстанған блогер аштықтан қаза тапты

ERNUR.KZ Малайзияда ұзақ жылдар бойы “шикі вегетариандық диетаны" ұстанып келген Zhanna D'Art атымен танымал ресейлік блогер қаза тапты. Көпшілік оның өлімі аштықтан болғанын айтуда, деп жазады Stan.kz

40 жастағы ресейлік әйел жергілікті емханада оңалту курсынан өтіп жатқан. Дегенмен дәрігерлер оған көмектесе алмаған.

"Бірнеше ай бұрын Шри-Ланкада оның сырқат түрін көріп шшошыдым. Аяқтары ісіп, ісік жерден сұйықтық ағып тұрды. Оны емделуге үйіне жібергенімізбен ол қайтадан кетіп қалған. Ал оны Пхукетте көргенде мүлде шошып кеттім. Оның жоғары қабатында тұрдым. Күн сайын таңертең оның мәйітін көремін бе деп қорқатынмын. Емдеуге көндіргенімізбен, бәрі кеш болды", - деп жазды достарының бірі әлеуметтік желіде..

Самсонова желіде өзінің жеке блогында тек жемістермен азықтанатын, піскен тағамнан бас тартатын, диетаны насихаттап, оның әдеттегі азығы неден тұратыны туралы көрсетеді. Оның айтуынша, бес жыл бойы ол толығымен "шикі вегетариандық диетаны" ұстанған. Ал төрт жыл бойы оның мәзірі тек жемістерден, өскен күнбағыс тұқымдарынан және шырындардан тұрған.

"Ол жеті жыл бойы тек дуриан мен джекфрут жеді. Мұның соңы неге әкелетінін түсіну үшін дәрігер болудың қажеті жоқ ", - деп жазады жазылушылар.

Блогер шикі тағам диетасының арқасында "созылмалы аурулармен ауыратын, өмірдің мәнін жоғалтқан" және "Өмірді шын мәнінде сүре білмейтін" замандастарына қарағанда әлдеқайда жас және сау болып көрінетінін мәлімдеген.

Алайда кейбір желі қолданушылары оның аштықтан шаршап өлуі мүмкін екенін алға тартты. Олар мұны жемістердің құрамында болуы мүмкін химиялық заттармен байланыстырады.

Жаннаның анасы Вера Самсоноваға қызының өліміне "тырысқақ тәрізді инфекция" себеп болғанын айтты. Алайда әлі ресми медициналық қорытынды мен қайтыс болғаны туралы анықтамада алынбаған. Әйел қызының 21 шілдеде қайтыс болғанын айтты.

Вера Самсонова қызын вегетариандыққа және шикі тағам диетасына деген құмарлығына қарсы болып, оны қалыпты диетаға оралуға көндіргісі келген. Дегенмен Жанна вегетариандық дәмханада ұзақ уақыт жұмыс істеген және 10 жылдан астам осындай диетаны ұстанған. Ол алдымен балық пен сүт өнімдерімен, содан кейін тек жемістермен, шырындармен және өскен бұршақтармен азырақ қатаң нұсқада тамақтанған. Анасының айтуынша бұл ретте ол ешқашан денсаулығына шағымданбаған.