​Вьетнам президенті қайтыс болды

0
1 283

Чан Дай Куанг 61 жасында дүниеден озды.


​Вьетнам президенті қайтыс болды

ERNUR.KZ. Жергілікті уақыт бойынша жұма күні, сағат 10:05-те Вьетнам президенті Чан Дай Куанг қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Вьетнам ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Орталық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нгуен Куок Чиеудің мәліметінше, президент Куангтың жағдайы ауыр болғандықтан, Вьетнаммен қатар шет елдерде емдеуден өткен.

Чан Дай Куанг 61 жасында дүниеден озды.

Еске салайық, Куанг Вьетнам президенті лауазымына 2016 жылғы сәуір айында келген еді.