Жапонияда бортында адам отырған ұшатын көлік сынақтан өткізілді

0
1 288

Көлік екі метрдей биіктікте төрт минут ұшқан.


Жапонияда бортында адам отырған ұшатын көлік сынақтан өткізілді

ERNUR.KZ. Жапонияда SkyDrive компаниясы жасап шығарған, ішінде адам отырған ұшатын автомобиль сынақтан сәтті өткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Көлік екі метрдей биіктікте төрт минут ұшқан. Қазіргі кезде автомобильді құрастырушылар оның жылдамдығы мен ұшу уақытын көбейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Мұндай механизмдерді жасап шығарумен әлемнің бірнеше елі айналысып отыр, бірақ SkyDrive жобасы әзірге ең сәттісі болды.