Көктем немесе күз: Көлікті ҚАЙ КЕЗДЕ сатқан дұрыс?

0
2 654

Мұқтаж болмасаңыз, көлікті бұл мезгілдерде сатпаған жөн.


 Көктем немесе күз: Көлікті ҚАЙ КЕЗДЕ сатқан дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзен

Ерте ме, кеш пе, әйтеуір кез-келген көлік иесі өз тұлпарын сататын кез келеді. Сондықтан, көлікті қай кезде сатқан тиімді болатынын білгеніңіз артық болмас.


Негізі тәжірибелі жүргізушілер көлік саудасына қолайлы мезгілді болжап, өз пайдасын қалай арттыру керек екенін шамалап біле алады. Өйткені, көлікті сату және сатып алу адамдардың мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне тікелей байланысты. Мысалы, үйге жетуге асығып тұратын, тайғақ жолдарда қауіп көбейген қыста адамдардың көпшілігі көлік алуды ойлап, базар аралап жүре ме? Әлбетте, жоқ. Керісінше «қыстан аман-есен, тыныштықпен» шығайық деп жүрмей ме? Ал, көктем мен жазда автокөліктерге сұраныс көбейетіні белгілі. Сол сұраныстың арқасында тіпті техникалық ақауы бар көліктерді де ойыңыздағы бағаға сата аласыз.


Автокөліктің бағасы және техникалық жағдайы

Сонымен қатар, сауданың сәтті болуы көліктің құны мен техникалық жағдайына байланысты болады дегенді естен шығармау қажет. Бұл екі параметр бір-бірімен өте тығыз байланысты. Мысалы, көлігіңіздің техникалық күйі жақсы болса, корпуста коррозия болмаса, қозғалтқыш пен қорап мінсіз жұмыс істесе, мұндай жағдайда тауарыңызды оңай әрі ойдағы бағаға өткізе аласыз. Тіпті, тұтынушылар таласып қалатынына күмәніңіз болмайды.

Сондай-ақ, сауданың көңілдегідей болуы автомобильдің бағасына байланысты болады. Бүгінде автокөліктерін сатылымға шығаратын адамдардың жарнамасын байқасаңыз, нарықтан 20-25 пайыз жоғары етіп қояды. Мұндай жағдайда кез-келген сатып алушы көліктің сыртқы сипатын немесе техникалық жағдайын бағалайды деп үміттену қиын. Сол себепті, көлік сатылымда ұзақ тұрып, ақыр соңында бәрібір жеңілдік жасауға тура келеді. Сондықтан бағаны сапаға сай етіп қойған абзал.



Күзгі және қысқы сауда

Күз бен қыс автомобиль сатудың ең қолайсыз мезгілі болып саналады. Өйткені, күн суықта көптеген адамдардың көлікке қызығушылығы азайып, пайдалану қажеттілігі де айтарлықтай азаяды. Сонымен қатар, көлік жүретін көшенің жүруге қолайсыз болуы, күннің қысқаруы сынды факторлар саудаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан мұқтаж болмасаңыз, көлікті бұл мезгілдерде емес, көктем мен жазда сатқан жөн.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


2022 жылы ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР шығады


Доңғалақ жарылғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?