2022 жылы ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР шығады

0
6 151

Компаниялар арасындағы бәсекелестік одан сайын артып бара жатыр.


2022 жылы ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР  шығады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген автокөлік өндірушілер 2022 жылға арналған жоспарларын жариялады. Олардың арасында бұрын соңды болмаған жаңа модельдер де бар. Келер жылы сатылымға шығатын көліктердің түрі өте көп болғандықтан, соның ішінен ең үздіктерін таңдап, оқырман назарына ұсынбақпыз. Дегенмен, бұл тізімдегілердің кейбірі таяу арада нарыққа шыққанымен, енді біреулерінің нақты қай уақытта өндірілетіні белгісіз. Бір анығы – біз бұл көліктерді күндердің бір күнінде қолданатын боламыз.


Audi e-tron GT

2022 жылы шығатын Audi e-tron GT көлігінің электр қуатын қолданатын қозғалтқышы қалыпты қозғалыста 469 ат күшіне ие болса, белсенділікті арттыру кезінде 522 ат күшіне дейінгі қуатпен қамтамасыз етіледі. Бұл қуат седан үлгісіндегі көліктің жылдамдығын 100 км/сағ-қа 3,9 секундта жеткізе алады. Ал, одан кейін шығауды жоспарлап отырған Audi RS e-tron GT көлігі одан да жылдам болмақ. Өйткені, ол қосымша қойылған артқы қозғалтқышты қолданып, қалыпты режимде 590, ал белсенді режимде 637 аттың күшіне ие бола алады. Сонда бұл көліктің жылдамдығы 100 км/сағ-қа жету үшін бар болғаны 3,1 секунд жеткілікті болмақ.

Audi компаниясының ақпаратына сүйенсек, e-tron GT көлігі бір рет толтырылған қуатпен 385 шақырым, ал RS e-tron GT үлгісі шамамен 378 шақырым жол жүре алады. Бұл көліктер алдымен АҚШ нарығына қойылып, e-tron GT 99 900 және RSetron GT 139 900 доллардан сатылады деп жоспарланған.



BMW i4

BMW компаниясы бұған дейін i3 және i8 көлік үлгілерін аз мөлшерде өндіргенімен, жаңа BMW i4 брендін әжептәуір таралыммен өндірмек. Негізінен, бұл бензин қолданатын BMW 4 сериялы Гран Купе көлігінің электрлік баламасы.

Қозғалтқышында 335 аттың күші болатын BMW i4 eDrive40 үлгісінің бастапқы бағасы 55 400 АҚШ долларын құрайды. BMW компаниясының бағалауы бойынша электр қуатымен толық зарядталған көлік сол қуатымен 482 шақырым жол жүреді. Сонымен қатар, BMW 536 ат күші бар қозғалтқышпен жабдықталған i4 M50 көлігін шығарып, 65 900 АҚШ доллары бағасымен сатуды жоспарлап отыр. Ол көлік 100 км/сағ. жылдамдыққа 3,7 секундта жете алады. Айта кетейік, I4 көліктері 2022 жылдың көктемінде шығарылуы керек.



Electra Meccanica Solo

Канадалық «Ванкувер» компаниясы шығаратын бұл бір орынды, үш доңғалақты электромеханикалық көліктің толық қуаты 250 шақырымға дейін жетеді. Оның алдында екі, ал артында бір ғана доңғалақ болады. Бір қарағанда сайқымазақтың үлкен аяқ киіміне ұқсайтын көлік 18 500 доллардан сатылымға шығарылады.



Lucid Air

Lucid Air – бұл керемет сипаттамаларға ие төрт есікті седан. 1111 аттың күші бар электрлі қозғалтқыштармен жабдықталған көліктің жылдамдығы 100км/сағ-қа 2,5 секундта жетеді. Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің бағалауы бойынша көлік толық қуатпен 760 шақырым жүре алады.

Аталған көліктер қазірдің өзінде алдын ала төлеу әдісімен 176 500 АҚШ долларына сатылып жатыр. Демек, бұл автомбиль жақын арада ашық нарыққа шығады деген сөз.



Tesla Roadster

Илон Масктың мәлімдеуінше керемет жылдамдыққа ие бұл көлік 2020 жылы өнідірілуі қажет еді. АЛайда, пандемияның салдарынан бұл жоспар орындалмай қалған. Дегенмен, сөзіне берік компания үш қозғалтқышпен жабдықталатын көлікті келер жылы құрастырмақ. Оның қуаттылығы сонша, 100 км/сағат жылдамдыққа 1,9 секундта жете алады екен. Сондай-ақ, 200 000 АҚШ долларына бағаланған көлік толық қуатпен 100 мақырымға жуық жол жүре алады.



Acura Integra

Ұзақ жылдар бойы өндірісі тоқтап қалған Acura Integra моделінің жаңа түрі келер жылы құрастырылмақ. Жаңа үлгі жаңартылған Honda Civic секілді төрт есікті көлік болады. Сондай-ақ, бұл көлік алты сатылы беріліспен жабдықталатын болады. Айта кетейік, Acura Integra моделінің өнірісі 2006 жылдан кейін тоқтап қалған еді.



Mercedes Benz EQS

Бұрынғы Mercedes-Benz EQ үлгісінің флагмалық седаны 2022 жылы пайда болады. Аты аңызға айналған S класының баламасының EQS 450+ аты түрі 329, ал EQS 580 4Matic моделі 516 ат күші бар қозғалтқышпен жабдықталады. Ал, Mercedes-AMG EQS атты көлік қозғалтқышының қуаты 751 ат күшіне дейін жеткізілмек. Сондай-ақ, көлікке жақындаған кезде оның есіктері автоматты түрде ашылатын етіп жасалады.

Бағаларына тоқталар болсақ, Mercedes EQS 450 + 102 310 және Mercedes EQS 580 119 110 АҚШ долларына бағаланған. Олар дилерлік орталықтарда 2021 жылдың соңы мен 2022 жылдың басында, ал 2022 жылдың көктемінде американдық сақтандыру аукциондарында пайда болады деп күтілуде.


Байқасаңыз, қазір барлық беделді компаниялар электр қуатын тұтынатын көлік өндіруді қолға алып отырғандай. Көптеген мамандар бұл үрдістің экологиялық тұрғыдан пайдалы болатынын айтуда.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аязда ОТАЛМАЙ ҚАЛҒАН көлікті ҚАЛАЙ ІСКЕ ҚОСУҒА болады?


«ҚОҢЫЗ КӨЛІК» әлем жұртын ҚАЛАЙ ТАҢҒАЛДЫРДЫ