Көктемге көліктің ҚАЙ ЖЕРІ дайын болу керек?

0
3 281

Әне-міне дегенше көктемнің алғашқы күндеріне де келіп жетеміз. Ал, көлікті көктемге қалай дайындау керек?


Көктемге көліктің ҚАЙ ЖЕРІ дайын болу керек?

ллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Көктем жақындап келеді, көктем келсе күн де жылынады. Осы кезде көптеген жүргізушілер өз көлігімен саяхатқа немесе жай ғана серуенге шығып жатады. Ал, көктемнің алғашқы күндерінен «тұлпарыңыз» сыр бермеу үшін, оны дайындау қажет. Себебі, температураның ауытқуы, бұзылған жолдар, қар қалдығы, жылғалаған су көлікке кері әсерін тигізеді.


"Ходовканы" тексеріп алыңыз


Қазіргі таңда жүріс бөлігін тексеру және уақытында жөндеу өте маңызды мәселе болып отыр. Өйткені, біз жүретін жолдардың нашарлығы көлікке теріс әсер тигізеді және жиі бұзылуына әкеліп соқтырады. Уақытты соза бермей, көлік жөндеу орнына барған дұрыс. Ол жерде тексереді және ақауы бар бөлшектерді ауыстырып береді. Ал, ақауы бар көлікпен жүру қаншалықты қауіп төндіретіні бәрімізге белгілі.


Маусымдық "шиналарды" қашан ауыстырасыз?


Көптеген жүргізушілер маусымдық резеңкелерді күн жылына салып ауыстыруға асығады, бірақ көктемде де суық болады, тіпті кішігірім аяз түсетін түндерді де байқаймыз. Ал, түнгі суықтан қатқан резеңкелер жолда нашар серіктес болады. Сондықтан, қысқы резеңкелерді жаздық резеңкеге температура тұрақтанғанда (-7 градустан төмен түспейтін кезде) ауыстырған дұрыс.


Дөңгелектерді бірден теңгеріп алған дұрыс


Маусымдық резеңкені ауыстырған кезде дискінің, резеңкенің және мойынтіректердің ұзақ қызмет жасауын қамтамасыз ету үшін дөңгелектерді теңгеруді бірден жасау қажет. Ол үшін дискіге салмаққа қарсы қорғасын орнататын арнайы құралдары бар шиномонтаждарға барсаңыз болады. Әрине, ешқашан бұзылмайтын мінсіз дөңгелектер болмайды және белгілі бір жерде ауыр күш түскенде кез келгені сыр береді.


Желдету және кондиционер сүзгілерін ауыстыруды ұмытып кетпеңіз

Көктемнің таза ауасымен дем алу үшін жүргізушілер терезелерді ашып, салонды желдетеді. Сондай-ақ, осы кезде салон иісінің тазаруы тым ұзаққа созылатынын байқаймыз. Осыған байланысты сарапшылар салон сүзгісін жылына екі рет – күзде және көктемде ауыстыруға кеңес береді.


Сонымен қатар, әр маусымда бір рет кондиционер жүйесін тазалау қажет. Әсіресе жаздың алдында, өйткені жазда оны қолдану жиілігі бірнеше есе өседі.


"Мотордың майын" тоқтату керек


Ауа райы күрт ауысқан кезде құбырлардан май мен сұйықтық ағу басталады. Ең дұрысы – арнайы тексерткен кезде көліктегі сұйықтық ағып кетуі мүмкін барлық жерлерді қарауды сұраңыз.


Көлікке "химчистка" жасау керектігін де ұмытпаған жөн


Қыстағы қар мен мұздан пайда болатын химиялық заттар көліктің кузовына, бояу қабатына зиянын тигізеді және қыс кезінде салонға шаң өте көп жиналады. Сондықтан, көлікті көктемге толық дайындау үшін салонға, қозғалтқышқа және кузовқа химиялық тазалау жүргізу керек. Айта кетейік, бұл туралы өткен мақалада толық жазған болатынбыз.


Жарықтар мен сызаттарды қалай жамау керек?



Толық жуғаннан кейін кузовтағы тесіктер мен сызаттарға мұқият тексеру жүргізу керек. Олар көбіне қанаттарда (крыла), табалдырықтар және пластиктен жасалған бөліктермен қосылған жерлерде болады. Жарықтарды тауып, олар арқылы оттегінің кіруін жою қажет, әйтпесе тотығу процесі туындайды.

Кез келген көлік жөндеу орындарында осыларды жоюға арналған арнайы қаламдар болады.


"Дворнигіңіз" шаршатып жүрген жоқ па?


Көктемде жаңбыр жауады, жолдар батпақ болады және әйнек тез ластанады. Сондықтан, арнайы ыдыста жуғыш сұйықтығының болуын және оның шашыратқыштарға толық жетуін тексеру керек. Сондай-ақ, ауа температурасы +15-20 градусқа дейін жетпейінше, жуғышты ауыстыруға асығудың қажеті жоқ.



Сонымен қатар, қозғалыс қауіпсіздігіне жуғыштардың әсері мол. Себебі, дұрыс тазаланбаған әйнек көрудің нашарлығына алып келеді және апат ықтималдығын арттырады. Сарапшылар қатты үнемделмеуге, сапалы және қызмет сапасы жоғары жуғыштарды сатып алуға кеңес береді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әйелдерге арналған ең қолайлы көліктер қайсы?


Көлік салонын ШЫҒЫН ШЫҒАРМАЙ тазалауға болады - кеңестер