Өз көлігіңізге ұқыпты қарамасаңыз, салон бірте-бірте кірлене береді. Ол кірлер – жолда кіретін шаң, байқаусызда төгілген сусындар, түрлі май және т.б. заттардан пайда болуы мүмкін. Ал, лас салонды тазалау оңай емес, яғни кірді кетіру үшін арнайы автожуу бекетіне бару керек немесе екінші нұсқа – көлік салонын өз қолыңызбен тазалау.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Көптеген жүргізушілер кәсіби тазалау қызметіне төлейтін ақыны ойлайды да, көлікті өз қолымен тазалуға кірісіп кетеді. Әрине ол тиімді, бірақ тазалау құралын дұрыс таңдап, қолдана білу керек, өйткені сатушылардың айтуына, қымбат бағасына қарамастан, кейбір құралдар Сіз үшін сапалы қызмет көрсете алмауы мүмкін.
Тазалау құралын таңдау
Орындық қапшықтарын тазалау үшін автодүкеннен алған құралдарды және «Ваниш» сияқты тұрмыстық тазалағыштарды да қолдануға болады, бастысы – жақсы көбіктену керек. Оларды қарапайым тәсілмен қолданасыз: нұсқаулыққа сәйкес құралды сумен араластыру, тазалау керек жерлерге көбікті жағу және бірнеше минуттан кейін шаңсорғыш немесе сүлгімен сүртіп алу қажет. Сондай-ақ, тазалау құралдарынан бөлек, шаңсорғыш, буландыру функциясы бар үтікті қолдануға болады. Бірақ, былғарыдан жасалған қапшықтапды тазалау үшін үтік қолдануға болмайды!
Салонды дайындау
Көлік салонын тазалау алдында толығымен босатып, кілемшелерді алып тастау керек. Сонымен қатар, шағын жүксалғышты (бардачок) да ұмытпау керек, себебі ол жерге өте көп шаң-тозаң жиналады.
Көліктен артық заттарды шығарғаннан кейін, алдымен ылғалды, артынан құрғақ майлықпен панельдердегі шаңды сүртіп алу керек. Содан соң, нағыз тазалыққа кірісуге болады.
Салон мен жүксалғышқа құрғақ тазалық жүргізу
Бұл үшін бос салон мен жүк салғышты, жүргізуші отыратын жердегі панельдердің астын (көліктегі ең көп шаң осы жерде болады), қол жетпейтін жерлердегі және орындықтардағы шаңды мұқият шаңсорғышпен тазалау керек.
КӨЛІК САЛОНЫН ЖУУ
Төбесі
Салонды тазалап-жуу жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі, яғни бірінші кезекте төбесі, содан кейін орындықтар және ең соңында еден тазаланады. Алайда, құралдарды қолданар алдында, оның іс-әрекетін тексеру керек, себебі кейбір тазалау құралдары дақтар қалдырады және оларды кетіру өте қиын.
Төбені тазалау үшін алдымен суға қосылып көпірген құралды жағамыз және біраз уақыттан кейін (нұсқаулыққа сәйкес) құрғақ, таза шүберекпен сүрту керек. Ең маңыздысы – артық қолданбау.
• төбедегі панельді сөгу де қажет емес, суреттегідей сүрткен жақсы, әйтпесе, қайта орнына келтіру артық жұмысқа айналады;
• жағылған көбікті алдын ала таңдалған бір бағытта сүрту керек, мысалы, алдынан артына немесе солдан оңға, оңнан солға қарай;
• жұмыстың ыңғайлылығы үшін төбені төрт бөлікке бөліп, оларды кезек бойынша тазалауға болады.
Пластикалық панельдер
Төбені тазалағаннан кейін пластикалық беттерге өтуге болады. Ол үшін полироль құралын нұсқаулыққа сәйкес қолдану жеткілікті. Бірақ, барлық жұмыстар желдетілетін жағдайда жүргізілгені жөн, өйткені үлкен концентрацияларда полиролдер улануға дейін жеткізуі мүмкін. Сондай-ақ, полироль әйнекке тисе дақ болып қалатынын ұмытпау керек!
Орындықтар және еден
Орындықтар мен еден төбеге қарағанда әлдеқайда лас болады, сондықтан көбікті бірнеше рет қолданған дұрыс. Қолданар алдында үтікті пайдаланып, көбік жағатын жерлерді буландыру керек, бұл кірлерді жұмсартады және оларды жою оңай болады.
Ал, былғарыдан жасалған салонды әдеттегі сабын ерітіндісімен жууға болады, содан кейін кондиционерді қосып қойыңыз, өйткені сабын теріні құрғатады. Екінші нұсқа – былғары салон үшін арнайы тазалағыш сатып алу. Мұндай құралдар тері ішіне енеді және кірді тесік арқылы сыртқа шығарады, содан кейін кірді майлықпен сүртіп алу ғана қалады.
Әйнек
Тазалаудың соңғы кезеңі – әйнектерді жуу. Ол үшін жууға арналған құрал және құрғақ майлық қажет. Есте сақтаңыз, әйнек ажырамасын десеңіз, тазалағышты майлыққа жағыңыз!
Салонды кептіру
Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін, салонды кептіру керек. Әдеттегі жағдайда кептіруге шамамен бір тәулік кетеді. Артықтәсіл қолдану қажет емес, тек көлік әйнектерін ашып қою жеткілікті. Сондай-ақ, кебуді жуғыш шаңсорғыштың көмегімен жылдамдатуға болады, өйткені мұндай құрылғылар терең сіңген ылғалды да сора алады.
Дайындаған: Б.Ерман,
Тағы оқыңыз:
Әйелдерге арналған ең қолайлы көліктер қайсы?
Жүргізушілердің назарына: көлікке дұрыс отырып жүрсіз бе? (видео)