Көлік салонын КОНДИЦИОНЕРСІЗ-ақ салқындатуға болады

0
2 810

Көлікте кондиционер болмаса немесе істен шығып қалса не істеу керек?


Көлік салонын КОНДИЦИОНЕРСІЗ-ақ салқындатуға болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сіз жұмыстан шыққанша күні бойы тұрған көліктің іші ысып, орындық отыра алмайтындай, рөл қол тигізбестей қызып кетеді. Дегенмен бұл жағдайдан да оңай құтылуға болады. Тіпті, кондиционер болмаса да.


Көлік тұрағындағы "ауа" операциясы

Әлбетте, жазда кондиционері жоқ көліктің ішіндегі температура сырттағы ауамен шамалас болады. Сондықтан, көлік тұрағында мына әдістерді қолданыңыз:


1. Тұрақта көлеңке іздеңіз – мүмкіндігінше көлікті шақшиған күннің астында қалдырмаңыз. Егер көлеңке болмаса, күнге көліктің артқы бөлігін қаратып қойыңыз. Ол біраз уақыт бойы салонның ысуынан сақтауды. Ал сізде күнқағар қорғаныш өаптар бар болса, керісінше, күнге қаратып қойып, жапқышпен панельді бүркеп қойыңыз.

2. Көлікті көлеңкеге қойғанның өзінде салондағы ауа айналымы үшін барлық әйнектерін шамамен 1 см-дей етіп ашып қойған дұрыс. Сонда саңылаулар арқылы ыстық ауа сыртқа шығып, ішке салқын ауа кіретін болады. Бірақ, бұл әдісті автокөлікті қауіпсіз жерге қоятын кезде ғана пайдаланыңыз.

3. Салонға кірер алдында, бірнеше минут бойы барлық есіктерді ашып, әйнектерді түсіріп, ішіндегі температураны сырттағымен бірдей етуге болады.

4. Рөл ыстық болса, ылғал шүберекпен сүртіңіз.


Қозғалыстағы «ылғал шүберек» операциясы

Мысалы, тұрақтағы көлікке бірден мініп, қозғалу керек болды. Сондай кезде ыстықтан тез арылу үшін:

1. Барлық әйнектерді ашыңыз.

2. Желдеткішті қосып, дефлекторларға дымқыл шүберекті іліп қойыңыз (шүберек кеуіп кетсе, қайталауға болады). Сондай-ақ, қала ішіндегі кептелісте бұл әдіс өте тиімді болады. Өйткені, ылғал мата арқылы өтетін ауа салқын болады.

3. Дефлекторлардағы дымқыл шүберек жоғары жылдамдықпен қозғалуға да көмектеседі.


Көлікке арналған портативті кондиционер

Оны орнату үшін түтікшелер салу және қандай да бір қосымша құрылғылар, блоктар мен басқа да заттарды орнатудың қажеті жоқ. Бұл кондиционер көліктің төбесіне орнатылады және салонды салқындатады. Бірақ бұл құралдар жүк көлігі үшін қолайлы. Жеңіл автокөлік болса, соны сатып алатын ақшаға штаттық кондиционер орнатуға болады.


Автокөлік кондиционері

Мұндай кондиционер, шын мәнінде, фреонсыз жұмыс істей береді. Жұмыс барысында оның қозғалтқышы мақтадан жасалған фильтрінен ылғал ауа шығарады, ал сүзгі қалақтарында буланған ылғал ауа салонға тарап, көлік ішін салқындатады.


Кәдімгі желдеткіш

Әрине, желдеткішпен салқындату баяғыдан қолданылады, бірақ өміршең. Ал мына 12 вольтты вентиляторды панельге қоюға немесе алдыңғы әйнекке бекітуге болады. Ол ауа ағынын реттеуге көмектеседі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жатып жүргізетін көлік НЕ ҮШІН керек болды


Орындық қабын таңдағанда мына КЕҢЕСТЕРДІ қолданыңыз