Жатып жүргізетін көлік НЕ ҮШІН керек болды

0
1 527

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің автопаркі өзінің стратегиялық маңызына байланысты құрал-жабдықтарын үнемі жаңартып отырады. Бұл жағдай Америка Құрама Штаттары үшін ерекше жаңалық емес.


Жатып жүргізетін көлік НЕ ҮШІН керек болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

1930-шы жылдары жаңаша барлау көліктерінің қажеттілігі пайда болған кезде, өте қызықты автокөлік пайда болады. Оның ерекшелігі – көлікпен бір жерге жету үшін тек жатып баруға тура келеді.


Американдық әскери Howie "Belly Flopper" Machine Gun Currier көлігінің тарихы 1930 жылдың басында басталды. Қорғаныс министрлігінің талабына сай техника құрастыру оңай болмағанымен, сол кезеңдегі екі энтузиаст-капитан Хоуви мен сержант Майли қажетті құралдың концепциясын ойластырады.

Қойылған талап бойынша көлік құралы жол талғамайтын, барынша жылдам және түрлі маневр жасай алатын, сондай-ақ бағасы арзан болу керек еді. Ол үшін өндірушілер жол талғамайтын көліктің барлық артық жабдықтарын, тіпті шанақтың төбесіне дейін алып тастаған. Соның нәтижесінде Currier пулеметімен жабдықталған "Belly flopper" Howie барлау автокөлігі пайда болады.


Әскери қызметкерлер Хоуви және Майли көлік прототибін жасауға 1936 жылы кіріседі. Олар көлікті 4 цилиндрлі, бензинмен жүретін қозғалтқышпен, қару-жарақ ретінде пулемет алдына пулемет қойып, сондай-ақ оқ-дәрілері бар жәшіктермен жабдықтайды. Нәтижесінде (4х4) толық жетекті автокөлік құрастырылады.

Алайда Howie "Belly Flopper" Machine Gun Currier көлігінің ең қызықты бөлігі адамдардың орналасуы болды. Өйткені, жүргізуші мен пулеметші тек ішіен ғана жатып, қозғала алады. Нақтырақ айтсақ, көлікті жүргізу үшін педальдары артына, рөлі алдын орналастырылған. Ал екінші жауынгер ет-беттеп жатып, пулеметтпен оқ ататын.


Өндірушілердің айтуынша, мұндай автомобиль барынша адамдардың көрінбеуіне мүмкіндік беретін, ал бұл барлаушылар үшін ең басты артықшылық болып саналады. Дегенмен, бұл автокөлік қаншама тәжірибелік сынақтардан сәтті өткенімен, өндірілмеді.

Екі жылдан астам уақыт бойы капитан Хоуви өз жобасын ілгерілетуге тырысады, алайда іс конструкцияны зерттеу кезеңінен ары қарай жылжымады.


Оған қоса, көптеген сарапшылар бқл көлік құралын өндіру дұрыс емес деген пікірді қолдап, өзге өндірушілердің жобаларын тиімді деп таныған Ал Howie "Belly Flopper" Machine Gun Currier сериялық жобасы өндірістен алыстап, бөлшектелді.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлікті күңгірт түске бояудың КЕМШІЛІКТЕРІ бар


Дөңгелек дискілерін ұнтақпен бояған ДҰРЫС ПА?