Кроссоверлер туралы өндірушілер АЙТПАЙТЫН ҚҰПИЯЛАР

0
3 032

Жеңіл көліктермен салыстырғанда кроссоверлер неге тез тозады?


Кроссоверлер туралы өндірушілер АЙТПАЙТЫН ҚҰПИЯЛАР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


1. Қозғалтқыш майы: ең жақсысын алып, жиі ауыстыру қажет

Негізі көптеген кроссоверлер мен жеңіл көліктерге бірдей қозғалтқыштар орнатылады. Бірақ, кроссовер қозғалтқышына жүктеме жоғары. Өйткені, ол ауыр және аэродинамикасы нашар. Сонымен қатар, қозғалтқыш тармақталған төрт доңғалақты беріліс қорабын және үлкен дөңгелектерді айналдыруы керек.


Кроссовермен жолсыз жерде жүруге мәжбүр болған кезде қозғалтқышқа одан да көп жүк түседі. Тиісінше, бөлшектердің тозу қарқыны артып кетеді. Қысқасы, қозғалтқышты мұндай жағдайдан ең жоғары сапалы майды қолдану арқылы қорғауға болады (бұл автомобиль нұсқауларында көрсетілген). Өндіруші ұсынған мерзімнен де ерте ауыстырып отырған абзал.


2. Жоғары октанды отынды құйыңыз

Егер жеңіл автомобильдегі қозғалтқыш АИ-92 бензинін ауыртпалықсыз сіңірсе, жүктеменің жоғарылауына байланысты (әсіресе ыстықта және жолдан тыс жерде) дәл сондай кроссовер қозғалтқышы зақымдануы мүмкін. Сондықтан, егер нұсқаулық әртүрлі октанды бензиндерді қолдануға рұқсат етсе, кроссоверге рұқсат етілген (әдетте жақшада көрсетіледі) отыннан гөрі негізгі ұсынылған (яғни жоғары октанды) жанармай құю керек.



3. Радиаторды жиі тазалау

Асфальтта жүргенде кроссовер қозғалтқышының температуралық режимі жеңіл автомобильге қарағанда айтарлықтай өзгеше болмайды. Бірақ, кроссовер бірнеше рет қара жолдарға түсіп кетсе, кір қозғалтқыштың салқындатқыш радиаторлары мен қораптарын тез жауып тастайды. Бұл қызып кетуді тудыруы мүмкін. Сондықтан кроссоверлердің радиаторын жиі-жиі дұрыстап жуып тұру қажет.


4. Беріліс қорабындағы майды ауыстырыңыз

Жолсыз жерлермен жүргенде автоматты беріліс қорабындағы немесе вариатордағы сұйықтық тезірек тозады. Жүктемелердің жоғарылауына байланысты емес, жиі сырғып, қызып кету әсерінен. Сондықтан беріліс қорабының сұйықтығын нұсқаулықта көрсетілген уақыттан да ертерек ауыстыра беру керек. Мамандар, бұл процесті кем дегенде 45 мың шақырым сайын орындауға кеңес береді.



5. Беріліс қорабына қатысты басқа да мәселелер

Кейбір өндірушілер нұсқаулықта жетек білігін басқаратын бұрыштық беріліс қорабы мен артқы осьтік беріліс қорабындағы майды өзгерту керек екенін көрсетпейді. Бірақ, бұл қондырғылардағы майлар да ауыр жүктемелерге ұшырайды, қартаяды және қасиеттерін жоғалтады. Әсіресе, кроссовермен жолсыз жерде жүргенде.

Бұл майларды жақсы жолдармен жүрсеңіз 45 мың шақырымда, ал жол талғамайтын сапарларда 30 мың шақырымда бір рет ауыстырған абзал.


6. Ходовканы мұқият зерттеңіз

Жолсыз аймақтармен жиі жүретін кроссоверлердің жүріс бөлігін жеңіл көлікке қарағанда жиі тексеруге тура келеді. Себебі, шар тіректерінің тозаңдатқыштары, рульдік ұштар мен шрустарды бұтақтар мен өткір тастар зақымдауы мүмкін.


Төрт доңғалақты беріліс қорабында тығыздағыштар көп болатындықтан, олар да тозып, май ағып кетуі өте ықтимал. Егер бұл тығыздағыштар өз функцияларын орындауды тоқтатса және сіз май ағып жатқанын уақытында байқамасаңыз, құрылғыны жөндеуге немесе ауыстыруға шығындаласыз.



7. Көлік корпусын мұқият тексереміз

Тегіс жолдан тыс жерде кроссовер корпусы жоғары жүктемелерге ұшырайды. Себебі, кедір-бүдір жерлер көлікті ары-бері сілкілеп, тіпті жанаспалы дәнекерлер орнынан алшақтай бастайды. Ал, бұл жарықтарға ылғал түссе, коррозияға пайда болады.

Сондықтан кроссовер корпусының күйін жиі тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша коррозияға қарсы өңдеу жүргізу керек. М


Оқып отырғаныңыздай, кроссоверді пайдалану қымбатырақ және көп көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл пайдаланылған немесе жаңа кроссоверлерге де қатысты.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қозғалтқыш майларын араластыруға БОЛА МА?

Франция президенттері ҚАНДАЙ КӨЛІК мінеді?