Ақша үнемдеймін деп, шығынға батып кетуіңіз мүмкін.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Қандай да бір себептермен азайып қалған қозғалтқыш майының үстіне басқа бір қозғалтқыш майын құюға болады. Алайда, бұл қауіпсіз тәжірибе ме? Бұл туралы нақты жауап жоқ. Себебі, оның қауіпсіз болуы қозғалтқышқа, автомобильде қолданылған компоненттерге және резервуардағы майдың маркасына байланысты. Әлбетте, сіздің қозғалтқыш майларын араластыруыңызға ешкңм тыйым сала алмайды. Бірақ, бұл әрекет автокөлік бөлшектеріне зиян тигізуі мүмкін. Сонымен, қандай қозғалтқыш майларын араластыруға болатынын айтайық.
5w30 майын 10W 40 майымен араластыру
Қозғалтқышқа арналған екі майды тұтқырлығы мен сапасы бірдей болған жағдайда ғана араластыруға болады. Яғни, SAE классификациясы бойынша 10W40 немесе 5W40 маркалы майларын қосуға болады деген сөз. Дегенмен, дұрыс араласпаған майлар қозғалтқыштың зақымдалуына, сондай-ақ оның жұмысының бәсеңдеуіне және шығындардың артуына соқтыруына мүмкін. Сондықтан, әрқашан қосылатын майдың сіз қолданатын маймен сәйкес келетіндігін тексеру ұсынылады. Сондай-ақ, белгісіз брендтердің өнімдерін сатып алмаңыз.
Нарықта бірнеше жүз мың шақырым жұмыс істеуге кепілдік беретін көптеген беделді май өндірушілер бар. Castrol, Orlen, Elf және Shell компанияларының өнімдері сатылымдағы ең сапалы майлардың бірі болып саналады. Оларға толықтай сенім артуға болады.
5w30 майын 5w40 майымен араластыруға бола ма?
Бұл майлар бір-біріне өте ұқсас. Дегенмен, бұлардың орнына біртекті қоспаларды қолданған әлдеқайда дұрыс. Себебі, 5w30 майын 10W40 майымен араластыру арқылы жетек құрылғысына зақым келтіріп алуыңыз әбден мүмкін.
Жалпы, қозғалтқышқа қосымша құйылатын май бастап майға сәйкес келгені жөн. Яғни, өндіруші емес, мәселе тұтқырлықта. Әйтпесе, біраз шақырым жол жүргеннен кейін көлікке техникалық қызмет қажет болып қалуы ықтимал. Мұндай кезде жөндеуге де әжептәуір ақша кетеді. Ал, бұл тәуекел етуге тұрарлық ммәселе ме?
Жартылай синтетикалық майларды араластыруға бола ма?
Иә, әдетте, олар да басқалар сияқты араластыруға икемді болады. Сондай-ақ, екі майдың тұтқырлығы бірдей болған жағдайда екі синтетикалық май минералды майға айналады. Дегенмен, мұндай майларды араластырмай тұрып қозғалтқышты шаю керек.
Мотор майларын араластыру
Егер сіз әртүрлі майлардың бір-бірімен, сондай-ақ қозғалтқышпен өзара әрекеттесу ережелерін білсеңіз, майды араластыру барысында ешқандай кедерге болмайды. Өндірушінің нұсқауларын, сондай-ақ тұтқырлық қасиетіне сай ережелерді сақтау жеткілікті. Сонымен қатар, қосылатын майлардың сапасына назар аударыңыз. Бұл – тұтқырлықтан да маңызды.
Қандай жағдайда мотор майларын араластыру ұсынылмайды?
Минералды немесе жартылай синтетикалық типке жататын майды синтетикалық майға араластыру өте қауіпті. Себебі, мұндай маймен бірнеше шақырым жүргеннен кейін араласқан май қозғалтқыштың термиялық тұрақтылығының төмендеуіне және қоспалардың шөгу жылдамдығының жоғарылауына соқтырады. Және әртүрлі қозғалтқыш майларын араластыру қозғалтқышқа зақым келтіреді.
Тек түпнұсқа майлар ғана май шығынын азайтады
Қысқа уақыт ішінде майды тұтынудың артуы – бір-біріне сай келмейтін қоспаларды қолданудан туындауы мүмкін. Мұны ешбір жағдайда жоққа шығаруға болмайды. Яғни, қозғалтқыш майларын ұқсас болғанда ғана араластырған абзал. Әйтпесе, қозғалтқышта ақаулар пайда болып, шығынға батуыңыз ықтимал. Сондай-ақ, майды ауыстыратын кез келгенде қызмет көрсету орталығына хабарласып, майды толығымен ауыстыруға өтініш берген дұрыс. Бұл, қозғалтқышты жөндетуге, май тасымалдау арналарын тазалатуға қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Әрі қозғалтқыштың әлдеқайда жақсы жұмыс істеуіне кепілдік береді.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Патшайым Елизавета II көлік жүргізуді ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРГЕН
Жүргізушілер үшін: Түнгі сапарға арналған ӨТЕ ПАЙДАЛЫ кеңестер