Күн ыстықта көлік жүргізген адам МЫНАЛАРДЫ БІЛУІ КЕРЕК

0
3 538

Жоғары температураның теріс әсерін азайту үшін белгілі бір ережелерді сақтау керек.


Күн ыстықта көлік жүргізген адам МЫНАЛАРДЫ БІЛУІ КЕРЕК

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлік те, оның жүргізушісі мен жолаушылар да аптап ыстыққа төзе бермейді. Мысалы, ыстық ауа райы орнағанда көліктің пластикалық элементтері күйіп, қозғалтқыш қызып, тіпті тежегіштер істен шығуы мүмкін. Ал, жылу алмасу процесі бұзылғаннан соң жүргізушінің қан қысымы көтеріліп, ұйқышылдық пайда болады. Сондықтан жоғары температураның теріс әсерін азайту үшін белгілі бір ережелерді сақтау керек.


Тұраққа қою

Ыстық кезде автокөлікті тұраққа дұрыс, яғни көлеңге түсетін жерге қою керек. Егер ондай орын табылмаса, жарықтан қорғайтын құрал, рөл дөңгелегіне арналған қапшық сынды жабдықтар көлікті қызып кетуден қорғауға көмектеседі. Ыстық күнде ұзақ уақыт көлік жүргізген жөн емес. Арасында тоқтап, салонды салқындатып, таза ауамен тыныстау қажет. Себебі, мұндай жағдайда қозғалысты жалғастыру қауіпті.


Көлік салоны сапар алдында салқындатылуы керек

Қазір әрбір заманауи көлікте кондиционер бар. Сондықтан күннің ыстығында қызған салонға отырмас бұрын, кеңістікті желдетіп, есіктер мен терезелерді ашып, содан кейін кондиционерді қосу керек. Осылайша, шыны тығыздағыштарда жарықтардың пайда болмауына жағдай жасайсыз. Көлік салонындағы температура мен сырттағы температура көрсеткішінің айырмашылығы 5 градустан аспауы керек.


Ыстықта жүргізушіге де, көлікке де көп сұйықтық қажет

Ыстық ауа-райында жүргізуші мен көліктегі жолаушылар көбірек су ішуі керек. Мейілінше қара су, салқын шай немесе жеміс сусыны болғаны абзал. Сонымен бірге, лас дене таза денеге қарағанда тезірек қызады. Сондықтан күн ыстықта жиі-жиі жуынға тура келеді. Бірақ, оны таңертең және кешке орындаған дұрыс. Ал, көлікке келер болсақ, күннің ыстығы аккумулятордағы сұйықтықтың тезірек булануына әсер етеді. Сол себепті электролиттің күйін бақылау қажет.


Ыстықта салқындатқыш сұйықтық қызып кетіп, сорғыштың астынан бу шығуы мүмкін

Бірақ, сіз оны ашуға асықпаңыз. Өйткені, олай істесеңіз күйіп қалуыңыз ықтимал. Тиісінше, салқындатқыш сұйықтық құййылған ыдыстың қақпағын тоқтағаннан кмінде 10 минут өткеннен кейін ашқан қауіпсіз болады. Ал, сұйықтықтың толығымен салқындауын күтсеңіз, жарты сағат уақыт қажет болады. Содан кейін ыдысқа қажетті мөлшерде су немесе салқындатқыш сұйықтық құясыз. Процедураны іске асыратын кезде қолғап киген дұрыс.


Көлікпен сапарға шыққанда антифриздің температурасын бақылау керек. Егер оның деңгейі қызыл аймаққа жақындаса, онда терезелерді ашып жүру керек. Сонда антифризбен жұмыс істейтін кондиционердің жұмысы азайып, салқындату жүйесі терезе арқылы жүреді. Сондай-ақ, қозғалтқыштың температурасын бақылау қажет.

Күн ыстықта асфальт көзге көрінбейтін майлы сұйықтықпен жабылады да, жол жабыны тайғақ болып, тежеу қиындай түседі. Сондықтан жазғы ыстықта жылдам жүруден бас тартқан дұрыс. Сонымен қатар, жүргізушілердің жолды көруіне қарсы келе жатқан көліктерге шағылысқан күн сәулесі кері әсер етеді. Ал, бұл төтенше жағдайдың қосымша қаупін тудырады.



Жаздың аптап ыстығына дейін тежегіш сұйықтығын тексеру керек

Оның қайнау температурасы өндірушілер ұсынылған параметрлерге сәйкес келуі керек. Себебі, уақыт өте келе сұйықтық өзінің қасиеттерін жоғалта бастайды. Ал тежеу жүйесінің сенімді жұмысы сол сұйықтықпен байланысты. Сондай-ақ, жүргізуші дөңгелек шинасының қызып кетуіне жол бермеу үшін қатты тежеуден аулақ болу керек. Әйтпесе, олар жарылып кетуі әбден мүмкін.


Жанармай мәселесі

Көлікке жанармай құйғанда аузы-мұрнына дейін толтырудың керегі жоқ. Себебі, ыстықта жанармай көлемі артып, төгілуі ықтимал. Содан соң өрт шығу қаупі арта түседі.


Шина қысымы

Шинаның ыстықта жарылып кетуіне жол бермеу үшін оның ішіндегі ауа қысымын бақылау өте маңызды. Қысымның төмендігі резеңкенің қызуына әкелетінін де есте ұстаған жөн. Сонымен бірге, қысымды реттерден бұрын шинаның салқындағанын күткен жөн.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Күннің ыстығы көлікке зиян тигізе ме?


Көлік орындығын ҚАПТАУДЫҢ МҮЛДЕМ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. НЕГЕ?