Көлік орындығын ҚАПТАУДЫҢ МҮЛДЕМ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. НЕГЕ?

0
1 521

Мұндай әрекетке қарсы негізгі бес дәлелді біліп алыңыз.


Көлік орындығын ҚАПТАУДЫҢ МҮЛДЕМ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. НЕГЕ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір көлік орындықтары мата, велюр немесе былғарымен өндіріс орнында қапталады. Дегенмен, автокөлік орындықтарын қосымша қаптау көптеген жылдар бойы көлік иелерінің үйреншікті әдеті болып келе жатыр. Мұның артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар көрінеді.

Әлбетте, көлік орындығы бір ғана мақсатта қолданылады. Ал, оны қосымша қаптау тұрғысынан бірнеше мақсат бар. Мәселен, біреу жайлылық үшін қаптаса, енді біреулер жаңа орындықтарды қорғағысы келеді. Тағы бір адамдар қосымша қаптаманы сән үшін пайдаланады. Қалай болғанда да, мұндай әрекетке қарсы бес негізгі дәлелді айтуды жөн санадық.


1. Жылыту жүйесінің бұзылуы

Тіпті ең жоғары технологиямен жасалған қаптаманың өзі орындықтағы жылуды оқшаулайды екен. Мысалы, климаты ыстық аймақтарда мұндай жағымсыз салдар болмауы мүмкін. Алайда, аяз кезінде орындықтың стандартты қаптамасына қосымша қаптама қосылса, бұл орындықтың жылыту жүйесіне кері әсер тигізеді. Орындық тым ұзақ қызады және жылудың көп бөлігі орындық құрылымының ішінде қалады. Сосын, жылыту ұзақ уақытқа созылып қана қоймай, жылыту жүйесінің элементтері де қызып, қыздыру жүйесінің тез бұзылуына соқтырады.


2. Орындық геометриясын өзгерту

Заманауи үлгідегі автокөлік орындықтары салон кеңістігін ұйымдастыру және қауіпсіздік сияқты көптеген факторларды ескере отырып жасалған. Атап айтсақ, бас пен арқа бөлігі, бүйірлік роликтердің қалыңдығы мен қаттылығы жүріс кезінде көлікті басқару процесіне әсер етеді. Демек, кейбір қаптамалар жүргізушінің немесе жолаушылардың денесіне жайлы болу және отыру сапасын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін. Қарапайым тілмен айтқанда, егер қосымша қаптаманың беті тайғақ болса немесе материал тым тығыз болса, онда адам түрлі маневр кезінде орындықтан сырғып кетеді.

3. Реттеу механизмдеріне жүктеме

Қолдан жасалған қаптамалар орындықтарды реттеу механизмдерінің бұзылуына соқтыруы мүмкін. Себебі, қазіргі көліктердің орындықтары қозғалмалы механизмдерге толы және бұл қондырғылар белгілі бір қалыңдықтағы қаптамаға арналған. Тиісінше, қалың қаптамалар мұндай реттеу жүйелерінің қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін және электроникасын бұзуы мүмкін.


4. Жарақат алу қаупі

Жетілдірілген автомобиль үлгілерінде бүйірлік қауіпсіздік жастықтары орындық корпустарына еніп тұрады. Мұндай схема көптеген модельдерде де жүзеге асырылған. Енді, сіз алған қосымша қаптама осы механизмді ескерілмей тігілген болса, қандай да бір апаттық жағдайда қауіпсіздік жастықтары дұрыс ашылмай қалуы ықтимал. Демек, қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.


5. Стандартты қаптамаға зиян тигізеді

Кейбір көліктердің алдыңғы және артқы орындықтарының пішіні әртүрлі болады. Егер, сіз белгілі бір модельге бейімделмеген «әмбебап» қаптаманы қолдансаңыз, онда ол орындыққа дұрыс «отырмайды» және сәйкесінше «сығылған» жерлерде бүктемелер пайда болады.

Сондай-ақ, автокөлік орындықтарындағы заводта жасалған қаптаманы ауыстыру құны едәуір қымбат емес екенін ұмытпаңыз. Яғни, қаптамасы бүлінген орындыққа қосымша қаптама кигізгеннен көрі, бұрынғы қаптамасыз жаңатқан абзал. Сонда, орындық конструкциясы бұзылмайды және жайлылық, қауіпсіздік сынды жағдайларға алаңдамайсыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қазақстандағы көліктердің 70 пайыздан астамы ЕСКІРІП КЕТКЕН


Күннің ыстығы көлікке зиян тигізе ме?