Күннің ыстығы көлікке зиян тигізе ме?

0
2 048

Мұны әрбір жүргізуші білуі тиіс.


Күннің ыстығы көлікке зиян тигізе ме?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жазғы маусым қарсаңында біз күннің ыстығы автомобиль мен автокөлік жүргізушісіне қаншалықты қауіпті екенін айтпақпыз.

Шыны және пластик

Көлік ішінде ыстық климат орнағанда интерьер пластикасы тезірек тозады. Әсіресе, ескі көліктердің бұл жабдығы ісініп, жарылып кетеді. Күннің ысқтың сәулесінде бірнеше сағат бойы тұрған көліктің қара түсті салоны 70, тіпті 90°C-қа дейін қызуы мүмкін. Кейде көліктің ішіне отырып, рөлді ұстау да мұң болып қалады. Сол себепті ауа райы ыстық елдердің адамдар шанағы да, салоны да ашық түсті көліктерге әуес болады.


Газды оттықтар

Оңтүстік өңірдің тұрғындары ешқашан ыстық кезде көліктеріне оттық қалдырмайды. Себебі, ол ыстықта қызып, жарылып кетуі әбден мүмкін. Әсіресе, арзан түрлері. Сосын, көлік өртеніп кетуі ықтимал.


Аэрозоль цилиндрлер

Мәселен, шашты қатыруға арналған аэрозольді бүріккіш бөтелкелердің сыртында міндетті түрде ыстықта қалдыруға болмайды деген ескерту бар. Өйткені, оның ішіндегі газ қызған кезде бөтелкенің металл қабығы жыртылып кетеді. Сөйтіп, көліктің салонына айтарлықтай зиян тиюі мүмкін. Тіпті болмағанда, мұндай жайсыз жағдайдан соң көліктің салонын ұзақ уақыт желдетуге тура келеді.


Смартфон, қуаттағыш және басқа да гаджеттер

ГКүн көзінде қалып кеткен гаджеттердің ең қауіпті тұсы – батареяларының қызып кетуі. Бұл салонның зақымдалуына, тіпті өртке соқтыруы мүмкін.


Күннен қорғайтын құралдар және көзілдірік

Бұл алғаш рет естіген адам үшін біртүрлі болуы мүмкін. Бірақ адамдарды күннен қорғауға арналған құралдардың өзі кейде күн сәулесіне төтеп бере алмайды. Ішінде сықпа бар түтіктер ыстыққа жарылып, салонды бүлдіреді. Ал, көзілдірік шынылары линзалар сияқты жұмыс істеп, күн сәулесін бір нүктеге шоғырландыра алатындықтан, өрт пайда болуы ғажап емес.



Алғашқы медициналық көмек жинағы

Есіңізде болсын, алғашқы медициналық көмек жинағының қаптамасында "қараңғы, салқын жерде сақтаңыз"деп жазылған. Яғни, оны көліктің салонындағы күн түсетін жерге қою дұрыс емес.

Дәрі-дәрмектер ғана емес, косметика да күн сәулесінен нашарлайды. Сондықтан ыстықта салонға косметикалық сөмкені де қалдыруға болмайды.


Азық-түлік және сусындар

Егер, азық-түлік пен сусындар тұтынар алдында қыздырылса ғана ыстық салонға қалдыруға болады. Дегенмен, ыстықта сүт және ет өнімдері, жемістер мен көкөністер, әсіресе шоколад пен сода болмауы керек. Тіпті, қарапайым су бөтелкелерін де күн көзінде қалдырмаңыз. Себебі, ыстық суға пластик ыдыстан химиялық заттардың бөлінуіне әсер етіп қана қоймай, бактериялардың көбеюіне де ықпал жасайды.


Аргессия және көңіл-күй

Ыстық физиологияға ғана емес, психикаға да кері әсерін тигізеді. Осы бағыттағы ғылымды насихаттаушы, американдық әлеуметтік психолог Дэвид Майерстің айтуынша, ауа температурасының шамадан жоғарылауы да қоғамдағы агрессияны айтарлықтай арттырады. Мәселен күн ыстық кезде кондиционері жоқ көліктердің жүргізушілері жылдамдықты төмендететін көліктерге жиі дабыл қағады екен. Бұл жылу агрессиясының ең зиянсыз көрінісі болса да, ашу болған жерде ақыл жұмыс істемейтінін ескеру керек.

Сондай-ақ, ғылыми жазбаларда: "1967-1971 жылдар аралығында Америка Құрама Штаттарының 79 қаласында жаппай тәртіпсіздіктер суық күндерде емес, ыстық күндерде жиі болды", "Ыстық ауа-райында зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстардың ықтималдығы артады» - деп жазылған екен. Расында ыстық температурада терлеп-тепшіп отырған адамның агрессияға бой беріп қоятыны жасырын емес.


Салқындату жүйесі

Көліктің қозғалтқышындағы салқындату жүйесі нашар жұмыс істесе, көліктің суы қайнап кетуі мүмкін. Бұл жүргізушілер жиі тап болатын өте жағымсыз оқиға.

Жалпы, зерттеушінің пікірінше, +27-ден 30°C-қа дейінгі ыстықта немесе одан жоғары температурада адамдар агрессияға қарсы тұра алады. Бірақ, бұл ыстықта көлік басқаруға қатысты емес. Сондықтан әсіресе ыстық күндерде мейілінше ұзақ сапарларға шықпаған жөн. Сонымен қатар, көлікті тұраққа қоютын кезде барынша күні бойы көлеңке түсетін жерді табуға тырысыңыз. Немесе күннен қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз және жағымсыз «тосынсыйларды» болдырмау үшін салонда жоғарыда аталған заттардың қалмауын қадағалаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жанармай үнемдеудің ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ


Қазақстандағы көліктердің 70 пайыздан астамы ЕСКІРІП КЕТКЕН