Жапон елінің қазіргі кездегі ЕҢ ҮЗДІК кроссоверлері

0
749

Бұл көліктер қалада да, далада да сенімді.


Жапон елінің қазіргі кездегі ЕҢ ҮЗДІК кроссоверлері

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жапондық кроссоверлер – седан мен жол талғамайтын көліктердің керемет үйлесімі. Сәйкесінше, жапондық кроссоверлер жүргізушілер мен жолаушыларды стильді дизайнымен, ноу-хауымен және ыңғайлылығымен тәнті етіп келеді. Сондай-ақ, жапондық өндірушілер өз модельдерінің әртүрлілігі және мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Сондықтан автокөлік әуесқойлары қалада да, жолсыз жерлерде де ыңғайлы жүру үшін осы елдің кроссоверлерін таңдайды. Осыған орай, біз осы санаттағы ең үздік 10 көлікті атап өтпекпіз.


Toyota Harrier

Toyota Harrier – new MC платформасындағы салоны кең, отбасылық сапарлар үшін тамаша көлік. Автокөлік көптеген заманауи бөлшектермен жабдықталған. Олар жүргізуді ыңғайлы және қауіпсіз етеді. Харриер RAV4 көлігіне балама нұсқа болып саналады.

Қозғалтқыш көлемі: 1986-2493 текше сантиметр.

Қозғалтқыш қуаты: 171-178 ат күші.

Өлшемдері: ұзындығы 4740 мм, ені 1855 мм, биіктігі 1660 мм.


Nissan X-trail

Nissan X-trail – қазіргі ең үлкен кроссоверлердің бірі және propilot жартылай автоматты басқару жүйесі мен автотұрақ функциясы бар отбасылық көлік. Алдыңғы жетекті көліктің отын шығыны шамамен 100 шақырымға 5 литр, ал толық жетекті түрінің шығыны 5,5 литрді құрайды.

Қозғалтқыш көлемі: 1997 текше см.

Қозғалтқыш қуаты: 147 ат күші.

Өлшемдері: ұзындығы 4660 мм, ені 1840 мм, биіктігі 1720 мм.


Toyota RAV4

Toyota RAV4 - жол талғамайтын көлік санатына бейімделген кроссовер. Клиренсі жоғары, магистралі кең, бағасы қолжетімді және техникалық тұрғыдан сенімді. Отын шығыны да едәуір аз.

Қозғалтқыш көлемі: 1986-2487 см3.

Қозғалтқыш қуаты: 171-178 ат күші.

Өлшемдері: 4600х1855 x1685 мм.


Toyota Yaris Cross

TOYOTA YARIS CROSS – стильді автокөлік және кроссовер нарығында өзгелерге лайықты бәсекелес. Бұл жанармай шығыны аз ең үнемді көліктердің бірі болып саналады. Қауіпсіздігімен, корпусымен және жақсы жабдықтарымен ерекшеленеді.

Қозғалтқыш көлемі: 1490 см3.

Қозғалтқыш қуаты: 91-120 ат күші.

Өлшемдері: 4180x1765x1590 мм.


Honda CR-V

Honda CR-V (Compact Recreational Vehicle – «демалыс көлігі»). Бұл кроссовердің қазір бесінші буыны бұрынғыларына қарағанда сәл үлкенірек. Енді бұл кроссоверге 7 адам сыяды.


Қозғалтқыш көлемі: 1496-1986 см3.

Қозғалтқыш қуаты: 145-190 ат күші.

Өлшемдері: ұзындығы 4587 мм, ені 1855 мм, биіктігі 1689 мм.


Mitsubishi Eclipse Cross

Mitsubishi Eclipse Cross – бұл белсенді өмір сүруге және қала шегінде саяхаттауға арналған тамаша кроссовер. Турбо қозғалтқышпен, дискілі тежегіштермен және тәуелсіз суспензиялармен жабдықталған. Кроссовердің салоны заманауи үлгіде жабдықталған және жанармай тұрғысынан үнемді.

Қозғалтқыш көлемі: 1498-ден 2359 см3-ке дейін.

Қозғалтқыш қуаты: 128-150 ат күші.

Өлшемдері: 4500x1805x1685 мм.


Subaru Forester

Subaru Forester – интерьері кең және жоғары жайлылық деңгейі бар орташа өлшемді кроссовер. Көлік жүргізушіге көмек көрсету жүйесімен және көлденең-оппозициялық қозғалтқышпен жабдықталған. Бұл автомобиль қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қалайтын жүргізушілер арасында танымал.

Қозғалтқыш көлемі: 1795-тен 1995 см3-ке дейін.

Қозғалтқыш қуаты: 145-177 ат күші.

Өлшемдері: ұзындығы 4640 мм, ені 1815 мм, биіктігі 1715 мм.


Toyota C-HR

Toyota Coupe High Rider қала ішіндеде және жол талғамайтын жерлерде жүруге арналған ышам және үнемді көлік. Кроссовердің экспрессивті ерекшеліктері мен жарықдиодты оптикасы адамдардың назарын аударады. Автокөлік ең озық қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Қозғалтқыш көлемі: 1196-1797 см3.

Қозғалтқыш қуаты: 98-116 ат күші.

Өлшемдері: ұзындығы 4385 мм, ені 1795 мм, биіктігі 1565 мм.


Honda Vezel

Vezel – LED-оптикасы, стильді корпусы және жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің кешені бар кроссовер. Автокөліктің жалпы тиімділігі мен жайлылығы жоғары, ал жанармай шығыны төмен. Автокөлік 6 қауіпсіздік жастығымен және басқа да заманауи мүмкіндіктермен жабдықталған.

Қозғалтқыш көлемі: 1496 см3.

Қозғалтқыш қуаты: 106-118 ат күші.

Өлшемдері: ұзындығы 4330мм, ені 1790мм, биіктігі 1580мм.


Mazda CX-5

Mazda CX-5 – қалада да, жолдан тыс жерлерде де саяхаттауға арналған тартымды көлік. Мазда алдын-алу қауіпсіздігінің интеллектуалды жүйелерінің бай жиынтығымен жабдықталған, сонымен қатар сәнді интерьерге ие. Бұл кроссоверді нарықта сұранысқа ие етеді.

Қозғалтқыш көлемі: 1998-2488 см3.

Қозғалтқыш қуаты: 156-200 ат күші.

Өлшемдері: 4575x1845x1690 мм.

Кроссоверлер – бұл қала ішінде де, жолсыз аумақтарда да сенімді көлік түрі болып саналады. Оның үстіне жапон өндірушілері сапаға да, заман талабына да ерекше мән береді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ЩЕТКА, МАЙ, РАДИАТОР, ТЕЖЕГІШ... Көктемде мына процедураларды МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ІСТЕУ КЕРЕК


МҰНЫ БІЛЕТІНДЕР АЗ: Ауыстырылған шинаны дұрыс сақтап жүрсіз бе?