МҰНЫ БІЛЕТІНДЕР АЗ: Ауыстырылған шинаны дұрыс сақтап жүрсіз бе?

0
694

Маңызды нұсқаулыққа мән беріңіз.


МҰНЫ БІЛЕТІНДЕР АЗ: Ауыстырылған шинаны дұрыс сақтап жүрсіз бе?

илююстрациялық фото: ашық дереккөзден

Еліміздегі заң талаптарына сәйкес, қазақстандықтар жылына екі рет автомобиль шинасын ауыстырады. Қазан-қараша айларында қыстық резеңке салынса, наурыз-сәуір айларында жаздық дөңгелекке оралады. Шиналарды ауыстыру процедурасы аса қиын емес. Қолжетімді бағаға арнайы сервиске барып ауыстыра аласыз. Ал, оларды дұрыс сақтау туралы көп адам біле бермейді.


Шиналарды қайда сақтау керек?

Шиналарды күн сәулесі тікелей түспейтін, қараңғы, тегіс жерде сақтау керек. Себебі, бұл факторлар резеңкеге айтарлықтай зиян тиігеді. Мәселен, ультракүлгін сәулелер мен жарықтар шинаның икемділігінің төмендеуіне себеп болады. Сондай-ақ, шиналарды ылғалдылығы жоғары бөлмелерде және шиналардың қасиеттеріне кері әсер ететін химиялық заттарға жақын жерде қалдыруға болмайды. Сонымен қатар, резеңкені жылыту құрылғыларының жанына қоймаңыз, олардың арасындағы ең аз қашықтық бір метр болуы керек.


Шиналарды сақтаудың оңтайлы температура режимі: ылғалдылық – 50-60%, температура +10°C-тан +25°C-қа дейін. Бөлме құрғақ және жақсы желдетілуі керек. Сондықтан автокөлік иелерінің көпшілігі шиналарды гараждарда немесе жабық балконда сақтауды жөн көреді. Алайда, екінші әдісті оңтайлы деп санауға болмайды. Балкондағы температура режимі қалыпты күйде сақталмайды, шиналарға жарық түсуі мүмкін.

Резеңке сақтау қоймасы

Автокөлік жүргізушісі шиналары мен дөңгелектерін барлық ережелер сақталатын маусымдық қоймаға тапсыра алады. Дегенмен мұндай қызмет көрсету орталықтары көп жерде жоқ.


Резеңкені сақтауға қалай дайындау керек?

Сақтауға» жібермес» бұрын шиналар мен дискілерді жуып, қиыршық тастарын тазартып, жақсылап кептіру ұсынылады. Содан кейін, келесі маусымда да осы шиналарды сенімді түрде қолдану үшін түрлі зақымдардың бар-жоғын тексерген жөн. Доңғалақта тұрған позициясын бормен белгілеу де артық болмайды. Мұндай белгілер шиналарды өз орнына қоюға немесе керісінше, протектордың біркелкі тозуы үшін алдыңғы дөңгелектерді артқы дөңгелектермен ауыстыруға көмектеседі. Сондай-ақ, резеңкені силикон негізіндегі арнайы ерітіндімен жабуға болады, бұл олардың тез тозуын болдырмауға көмектеседі.

Шиналарды қайда сақтауға болмайды?

Шиналарды дәлізд сияқты қоғамдық орындарда, баспалдақ алаңы мен шатырда қалдыру ұсынылмайды. Біріншіден, бұл сақтау әдістері өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келеді. Сонымен қатар, бұл жерлерде шиналарды жинау өзгелерге ұнамай, жанжал шығуы мүмкін мүмкін. Сондай-ақ, өзіңіз өмір сүріп жатқан пәтерде қалдырмаңыз. Себебі, шина улы фенол мен жағымсыз иіс шығарады.


Резеңкені дискісіз қалай дұрыс сақтау керек?

Жазғы резеңке қаттырақ болып саналады, сондықтан оны дискілерсіз сақтауға болады. Мұндай шиналарды тігінен тұрғызып сақтауға кеңес беріледі. Дөңгелектерді бір-біріне жақын орналастыруға болады, бірақ қыспау қажет. Бұл үшін сөре немесе үстел ыңғайлы.

Дискісі жоқ шиналарды қатарлап сақтауға немесе арнайы ілмектерге іліп қоюға болмайды. Мұндай сақтау әдістері тіпті қымбат резеңкенің өзін деформацияға соқтыруы мүмкін.


Резеңкені дискілермен қалай дұрыс сақтау керек?

Дискілері бар резеңке дұрыс сақталған кезде шинаның ішкі жағына ылғал мен шаңның түсу мүмкіндігі толығымен жойылады. Мұндай шиналарды, керісінше, қатарлап сақтауға рұқсат етіледі. Алайда, біраз уақыттан кейін мысалы, екі айда бір рет бір-бірінің үстінде жатқан дөңгелектердің орнын ауыстырған жөн. Сонымен қатар, орынды үнемдеу үшін металл дискілері бар резеңкені арнайы ілмектерге іліп қоюға болады.

Шиналарды қапшықта сақтауға бола ма?

Мамандандырылған дүкендерден сіз резеңке сақтауға арналған арнайы сөмкелерді таба аласыз. Мұндай қапшықтар арзан емес, бірақ олар шиналарды ылғал мен ультракүлгін сәулелерден сенімді қорғайды. Алайда, жүргізушілердің көпшілігі резеңкені сақтаған кезде қарапайым полиэтилен пакеттерін жиі қолданады. Тиісінше, мұндай тәжірибе шиналардың өздеріне кері әсер етуі мүмкін. Себебі, герметикалық қаптаманың ішінде конденсация пайда болып, бұл уақыт өте келе резеңкенің бұзылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, егер шиналар металл дискілермен бірге сақталса, ол коррозияға әкелуі мүмкін.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көктемде көлікке күтім жасаудың 5 ЕРЕЖЕСІ


ЩЕТКА, МАЙ, РАДИАТОР, ТЕЖЕГІШ... Көктемде мына процедураларды МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ІСТЕУ КЕРЕК