​1 литр сүттен 1 литр йогуртты қалай дайындайды?

0
4 706

Үйде отыра беріп ішіңіз пысты ма? Олай болса, балаларыңызға өз қолыңызбен йогурт жасап беріңіз.


​1 литр сүттен 1 литр йогуртты қалай дайындайды?

Дүкендегі йогурттардың құрамында қоспалар көп екені белгілі. Иә, мұндай йогуртты сатып алғаннан үй жағдайында таза йогурт жасаған дұрыс емес пе?! Ұйқыға жатарда осы әдісті пайдаланатын болсаңыз, таңертең өте дәмді йогурт дайын болады. 5 түрлі йогурт жасау тәсілдерімен таныс болыңыздар!

Қарапайым йогурт


Қажетті өнімдер:

  • 1 л сүт
  • 200 гр. таза йогурт

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен сүтті кастрөлге құйып, отқа қойып қайнатамыз. Қайнаған сүтті 40 градусқа дейін суыту керек.
  2. Сосын йогуртты 100 мл сүтпен араластырып, іртіктерін жазамыз. Әбден араласқан йогуртпен сүтті кастрөлдегі сүтке құямыз. Сосын кастрөлдің қақпағын жауып, сыртынан матамен жылы орап тастаймыз.
  3. Осылайша сүтімізді 6-7 сағатқа қалдырамыз. Содан соң кастрөлді тоңазытқышқа салып қоямыз. Араластыруға немесе шайқауға болмайды.
  4. Бірнеше сағат тоңазытқышта тұрған йогуртты 2-3 қабатталған дәкемен сүземіз. Ол үшін дәкені дуршлагтың бетіне салып, сүтті толықтай құйып барлығы сүзілгенше күтеміз. Нәтижесінде 400 грамдай таза йогурт шығуы тиіс.


Термоста дайындалған классикалық йогурт


Қажетті өнімдер:

  • 1 л сүт
  • 200 гр. табиғи йогурт

Дайындалу тәсілі:

  1. Сүтті қайнатып, 40-45 градусқа дейін суытамыз.
  2. Термосты қайнаған сумен шайып, 1-2 минут осылай қойып қоямыз. Сосын суды төгіп, қақпағын жауып қоямыз.
  3. 100 мл сүтті йогуртпен жақсылап араластырып, қалған сүтке құямыз.
  4. Сүтте іртіктер қалмайтындай етіп, барынша араластыру керек.
  5. Сосын сүтті термосқа құйып, қақпағын жауып, 7-8 сағатқа қалдырамыз.
  6. Дайын болған йогуртты енді банкаға құйып, тағы да 8-10 сағаттай тоңазытқышқа қою керек.


Жемістер қосылған йогурт


Қажетті өнімдер:

  • 1 л сүт
  • 200 гр. табиғи йогурт
  • 200 гр. жеміс-жидектер.

Дайындалу тәсілі:

  1. Жемістер қосылатын йогуртты мультипеште дайындаймыз. Ол үшін алдымен йогуртты құятын банканы тазалап жуып, стерилдеп аламыз.
  2. Жеміс-жидектердің қабығын аршып, блендермен майдалаймыз.
  3. Сүтті қайнатып, 40 градусқа дейін суытамыз. Артынша сүтке йогуртты, жемістер езбесін салып, біркелкі қалыпқа келгенша араластырамыз.
  4. Осылайша дайындалған сүтімізді йогурт құюға арналған кішкене ыдыстарға немесе банкаға құямыз.
  5. Енді мультипештің қазанына мата майлықты салып, оның бетіне банкаларды қоямыз. Банкалардың 1/3 бөлігін жабатындай етіп жылы су құямыз.
  6. Мультипештің арнайы «йогурт» батырмасын басып, 7-8 сағат күтеміз. Содан соң банкаларды тоңазытқышқа саламыз. 6-7 сағатта йогурт та дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Хит тағам: «Сигара бөрек»


Ерекше ТӘТТІ десерт: Қуырылған СҮТТЕН жасалады


ӘЛСІРЕГЕН ағзаға қуат беретін АСҚАБАҚ пісірмелері