ӘЛСІРЕГЕН ағзаға қуат беретін АСҚАБАҚ пісірмелері

0
4 584

Асқабақ - мың бір ауруға ем көкөністердің бірі.


ӘЛСІРЕГЕН ағзаға қуат беретін АСҚАБАҚ пісірмелері

Асқабақтың құрамында A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел­дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, сүйекті қатайтатын калий, кальций және темір бар. Ағзаңызды қуаттандырғыңыз келсе, иммунитетіңіздің көтерілгенін қаласаңыз, асқабақ пісірмесін дайындаңыз!


Асқабақ пен күріш пісірмесі


Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. асқабақ
  • 3 дана жұмыртқа
  • 100 гр. қант
  • 100 гр. күріш
  • 5 ас қасық сары май
  • 0,5 стақан жаңғақ
  • Лимон қабығы
  • Дәміне қарай тұз салынады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Күрішті қайнатып, жартылай пісіріп алыңыз.
  2. Ал, асқабақты үккіштен өткізесіз. Жұмыртқаның ақ уызы мен сарысын бөліп аласыз.
  3. Енді 3 ас қасық сары майды ыдысқа құйып, оған 100 гр. қантты, жұмыртқаның ақ уызын, лимон қабығын, жаңғақты қосыңыз.
  4. Осы араласпаға үккіштен өткізілген асқабақ пен қайнатылған күрішті қосып, араластыру қажет.
  5. Жұмыртқаның сары уызын тұзбен араластырып, көпіршітіп аласыз. Сосын асқабақ салынған табаға салыңыз.
  6. Форманы майлап, дайын массаны саласыз да, жақсылап жаясыз. Ал, бетіне сары майды текшелеп турап қойып жіберуге болады.
  7. Пешті 200 градусқа дейін қыздырып, 40-50 минут бойы пісіресіз.


Сүзбе қосылған дәмді пісірме


Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. асқабақ
  • 400 гр. сүзбе
  • 2 дана жұмыртқа
  • 200 гр. қант
  • 8 ас қасық ұнтақ жармасы (манка)
  • Апельсин қабығы
  • 0,5 шай қасық тұз
  • 20 гр. сары май


Дайындалу тәсілі:

  1. Асқабақты аршып, үккіштен өткізеді. Сосын артық сөлін сығып шығарып тастау қажет. Егер асқабақ тәттілеу болатын болса, қантты азырақ қосуға болады. Сондай-ақ, апельсин қабығын да үккіштен өткізіп, асқабақпен араластырады. Содан соң пешті 180 градусқа дейін қыздырып, форманы майлайцды да, ұнтақ жармасын себелейді.
  2. Сүзбені шанышқымен майдалап, сант, тұз, жұмыртқа салып араластырыңыз. Сүзбе араласпасына асқабақты салып, барлығын жақсылап араластыру керек.
  3. Соңында ұнтақ жармасын салып араластырады. Егер сулы болса, тағы қосуға болады. Барлығы да асқабақтың шырынды болуына байланысты.
  4. Осылайша дайындалған массаны формаға сол мезетте салып, бетін тегістейді де, сарғайғанша пісіреді. Ал, пісірменің піскен-піспегенін тіс тазалағышпен тексеріңіз.
  5. Дайын пісірмені дастарханға ыстық қалпында да, суытып ұсынуға да болады.
  6. Асқабақтың сарғыш әрі тартымды болып піскенін қаласаңыз, асқабақты дұрыс таңдағаныңыз абзал.


Сүт қосылған асқабақ пісірмесі


Керектілер:

  • 1 келі асқабақ
  • 3 стақан сүт
  • 0,75 стақан күріш
  • 5-6 дана жұмыртқа
  • 0,5 стақан қант
  • 50 гр. ұнтақталған нан


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен асқабақтың қабығын аршып, майдалап турап алыңыз. Сосын оны кастрөлге салып, 300 грамдай су құйыңыз да, отқа қойып қайнатыңыз.
  2. Күрішті тазалап жуып, асқабақ қайнатпасына салыңыз. Сосын сүтті құйып, жақсылап араластырып, пісіресіз.
  3. Ботқаны суытып, жұмыртқаларды жарып саласыз. Сонымен бірге сары майды, қантты да қосып, барынша араластыру керек.
  4. Пешті ток көзіне қосып, қыздырыңыз. Ал, пеш қызғанша форманы майлап, ұнтақталған нанды себелй беруге болады. Содан соң формаға асқабақ араласпасын тегістеп салып, 30-35 минуттай пісіресіз. Сонда пісірме-пирогымыз да дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


1 литр сүттен 1 литр қаймақ дайындауға болады


Иммунитетті көтеру үшін ҚҰРТ ҚОСЫЛҒАН ас ішіңіз


Ағзаны ҚУАТТАНДЫРАТЫН үш түрлі САЛАТ