1 стақан фарштан 1 тәрелке котлет пісіріп алыңыз

0
3 514

Өте дәмді котлет мәзірі!


1 стақан фарштан 1 тәрелке котлет пісіріп алыңыз

Аталмыш рецептпен кез келген әйел котлетті дәмді етіп дайындай алады. Себебі котлетті жасаудың еш қиындығы жоқ. Қолда бар заттар мен аз ғана фарштан 1 тәрелке котлет пісіріп көрейік!

Қажетті өнімдер:

  • 1-2 дана пияз
  • 2-3 дана жұмыртқа
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, сарымсақ
  • 0,5 кг картоп
  • 1 стақан фарш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен блендерге пияз, жұмыртқа, тұз, бұрыш, сарымсақты салып, араластырып алу керек.
  2. Сосын алдын ала қайнатылған картоптан езбе жасайсыз. Езілген картопқа фаршты қосып, жақсылап араластыру керек.
  3. Соңында блендермен майдаланған пияз бен жұмыртқа араласпасын қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.
  4. Енді тек котлеттерді жасап шықсақ болғаны. Жасалған котлеттерді қызып тұрған майға салып әрбір бетін 5 минуттан қызарта пісіреміз. Аз ғана фарш қосып, осылай да дәмді котлет пісіруге болатынын біле жүріңіз.


Кеседе піскен котлет



Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. фарш
  • 1 дана пияз
  • 70 гр. кептірілген нан
  • 5 дана жұмыртқа
  • Тұз, бұрыш, дәмдеуіштер
  • 100 мл сүт
  • Қатты ірімшік
  • Черри қызанағы
  • Азырақ аскөк қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен пиязды майдалап турап алып, фаршпен араластырамыз. Осы фаршқа ұнтақталған нан мен 1 дана жұмыртқаны қосамыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш, дәмдеуіштер қосып, 40 мл өсімдік майы мен 70 мл су құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, біркелкі массаға келтіреміз.
  2. Енді шай ішетін кесені алып, май жағамыз. Майланған кесеге фаршты айналдыра жабыстырып шығамыз. Сосын табаққа 4 дана жұмыртқа, 100 мл сүт, тұз, майдалап туралған аскөкті қосып, араластырып аламыз.
  3. Енді кеседегі фарштың бетіне үккіштен өткізілген азырақ ірімшікті салып, оның бетіне туралған 2-3 түйір черри қызанағын және жұмыртқа араласпасын саламыз.
  4. Осылайша дайындалған котлетімізді кеселерімен бірге пешке салып, 180 градуста пісіріп аламыз.
  5. 30 минутта ерекше әрі дәмді котлеттеріміз де дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ЖАҢА ЖЫЛҒА өте әдемі мерекелік ДІРІЛДЕК дайындаңыз

ТОМАТТЫ үйде өзіңіз-ақ ЖАСАП АЛА АЛАСЫЗ