ТОМАТТЫ үйде өзіңіз-ақ ЖАСАП АЛА АЛАСЫЗ

0
5 013

Томат қайнату үшін әлі де кеш қалмадыңыз!


ТОМАТТЫ үйде өзіңіз-ақ ЖАСАП АЛА АЛАСЫЗ

Қыс мезгілі болғандықтан қызанақты арзан бағада сатып ала алмаймыз. Дегенмен үй жағдайында томат дайындауға көп қызанақтың керегі жоқ. Бар болғаны 1-2 келі қызанақ болса болғаны. Өз қолыңызбен жасаған тағамға не жетсін! Сол секілді томатты да өзіңіз қайнататын болсаңыз, күнделікті әзірлейтін асыңыздың дәмді болары сөзсіз.


Зәйтүн майы мен қызанақтан дайындалған томат

Қажетті заттар:

  • 2 кг қызанақ
  • 30 мл зәйтүн майы
  • Дәміне қарай тұз
  • Жарты шай қасық лимон қышқылы

Дайындалу тәсілі:

  1. Қызанақтарды жуып, ірі етіп тураймыз. Сосын кастрөлге май құйып, туралған қызанақтарды саламыз. Кастрөлді отқа қойып қайнатамыз. Томатты 12-15 минуттай қайнату керек. Осы уақыт аралығында қызанақтың қабығы бөлінеді. Қайнатпаны енді сүзгіштен немесе електен өткізіп, қызанақтың қабығы мен дәндерін тастаймыз.
  2. Томатқа тұз бен лимон қышқылын қосып, араластырамыз. Пешті 140 градусқа қойып қыздырып, противень табаға құямыз да, 3 сағаттай пеште ұстаймыз. Әрбір жарты сағат сайын томатты алып, қозғап тұруды ұмытпаңыз. Дайындалу кезінде қызанақтың жағымды иісі мен түсі қоюлана түседі. 3 сағаттан кейін томатты пештен алып суытып, банкаларға құясыз да, тоңазытқышқа салып қоясыз.

Тек қана қызанақтан да томат жасауға болады. Егер 1 л томат дайындағыңыз келсе, 2-2,5 кг қызанақ керек болады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Қызанақтарды тазалап жуып, блендерден өткізесіз. Блендеріңіз болмаса еттартқышпен майдалауға да болады.
  2. Осылайша езілген қызанақ езбесін кастрөлге құйып, отқа қойып қайнатамыз. Жай отта томатты 2,5-3 сағаттай қайнату керек.
  3. Дәміне қарай тұз қосуға да болады. Ыстық қалпында стерилденген банкаға құйып, қақпағын бұрап аласыз.
  4. Банканың сыртынан матамен орап, қараңғы жерге қойып қойыңыз.


Сарымсақ пен қызанақ томаты



Қажетті өнімдер:

  • 3 кг қызанақ
  • 50 гр. сарымсақ

Дайындалу тәсілі:

  1. Қызанақтарды тазалап жуып, орташа көлемде тураймыз. Қызанақты жуғанда оның тек шірімеген, тазаларын таңдап аламыз. Себебі мұндай бұзылған қызанақтар томаттың дәмін құртады.
  2. Сосын туралған қызанақты кастрөлге немесе қазанға салып, отқа қоямыз. Томат қайнаған соң, отты жай қойып, әр кезде қозғап тұрамыз. 30-40 минут қайнағаннан кейін қызанақтың қабығы түсе бастайды. Осы уақытта қайнатпамызды сүзгіштен асықпай өткіземіз.
  3. Езбеміз сүзгіштен жылдам өтпейтіндіктен біраз сабыр сақтауға тура келеді. Дәндері мен қабығынан тазарған қайнатпаны бір шетке қоя тұру керек.
  4. Енді сарымсақты дайындап алайық. Ол үшін сарымсақты арнайы құралмен езіп, сүзгіштен өткен қайнатпаға қосамыз.
  5. Кастрөлді отқа қойып, қоюланғанга отта ұстаймыз. Қызанақтың дайын болуына 3 сағаттай уақыт кетеді. Арасында қозғап тұруды ұмытпаймыз. Томатымыз дайын болуға жарты сағаттай уақыт қалғанда қазанның басындак тұрып, қозғап тұрамыз. Болмаса қайнатпамыз түбіне күюі мүмкін.
  6. Дайын томатты стерилденген банкаға құйып, қақпағын бұраймыз да салқын әрі қараңғы жерге қоямыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ХАЛВА қосып та күлше жасауға болады


ТӘТТІ ЖЕМЕЙТІНДЕРГЕ арналған ДӘМДІ чизкейктер