​20 құймақтан ЕРЕКШЕ тортты қалай дайындайды?

0
2 689

Мұндай торттың бар екенін білесіз бе?


​20 құймақтан ЕРЕКШЕ тортты қалай дайындайды?

Қазіргі уақытта тәтті пісірмелердің де, тәттілердің де түрі өте көп. Осы сала мамандары үздіксіз іздену арқылы дәмді тағамдар мен торттарды ойлап табуда. Құймақтардан да торт жасауға болады екен. Егер осындай тәттіні сіздің де әзірлегіңіз келсе, рецептіне мән беріңіз!

Қажетті қоспалар:

  • Қамырына: 400 гр. ұн
  • 30 гр. қант
  • 3 ас қасық өсімдік майы
  • 2 дана жұмыртқа
  • ½ шай қасық тұз
  • Крем үшін:
  • 300 гр. 20%-дық қаймақ
  • 50 гр. қойылтылған сүт (сгущенное молоко)
  • 50 гр. қайнатылған қойылтылған сүт (вареная сгущенка)

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен табаққа жұмыртқа, қант және тұзды салып, жақсылап араластырыңыз. Сосын 500 мл сүт құйып, тағы да араластырасыз.
  2. Ұнды електен өткізіп, оны да салыңыз. Қамыр біркелкі массаға айналғанша араластыру керек. Сонда қамыр қою болып шығады. Кейіннен қалған сүтті құйып, жақсылап араластырасыз.
  3. Енді қамырға өсімдік майын қосасыз. Барлығын араластырып, дайын қамырдан құймақтар пісіресіз.
  4. Құймақтарды арнайы табаға құйып пісіріп алыңыз. Содан соң піскен құймақтар толықтай сууы керек.
  5. Кремді дайындау үшін қаймақ пен қойлтылған сүттерді араластырыңыз. Қойылтылған сүттің бір ғана түрін пайдалануға да болады. Бұл жерде әрбір үйбикесінің өз қалауы. Тортқа арналған форманы дайындап, оның қабырғаларына құймақтарды қойып шығасыз. Астына да құймақты жайып салу қажет. Бетіне крем жағып, қалған құймақтарға да крем жағасыз да, орайсыз. Содан соң осы оралған құймақтарды бір-біріне жабыстыра формаға саласыз. Арасына крем жағуды ұмытпаңыз.
  6. Осылайша форманы құймақпен толтырып, бетіне крем жағып, ең бетіне құймақты жайып салу керек. Торт түні бойы тоңазытқышта тұрсын. Таңертең қалаған жеміс-жидектермен әсемдей беруге болады. Бұл тортты жесеңіз, басқаларынан ауыз да тимейтін боласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Итальянша лағман әзірлеп көрдіңіз бе?


Тауық етінен орама жасап көрдіңіз бе?