​30 минутта дайын болатын ЖЫЛДАМ-ПАЛАУ

0
5 165

Мұндайды тек нағыз аспаздар ғана жасай алатын шығар!


​30 минутта дайын болатын ЖЫЛДАМ-ПАЛАУ

Палауды 30 минутта дайындау үшін күрішті алдын-ала суға салып қою керек. Бір күн бұрын күрішті бірнеше рет тазалап жуып, сосын су құйып қояды.

Еттің кез келген түрін пайдалана беруге болады. Ендеше жылдам-палауды дайындауды бастайық!

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. күріш
  • 500 гр. қой еті
  • 2 дана сәбіз
  • 2 дана пияз
  • 4 тіс сарымсақ
  • 1 бас сарымсақ
  • 3 дана лавр жапырағы
  • 3 шай қасық дәмдеуіштер
  • Тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу әдісі:

  1. Қазанға 50 мл өсімдік майын құйып, 4 тілік сарымсақты майдалап турап салып жіберіңіз. Сөйтіп майды қыздырасыз. Осы уақытта етті турай беруге болады. Тек етті әдеттегідей кесек-кесек қалыпта емес, турап салған дұрыс. Сонда тез пісетін болады.
  2. Сарымсақ кішкене қуырылған соң, етті салыңыз. Етті қуыру барысында отты барынша қатты қойыңыз. Сөйтіп 7 минут қуырыңыз.
  3. Ет қуырылғанша пиязды майдалап турап, дайындай беріңіз. Артынша сәбізді де аршып, ірі үккіштен өткізесіз. Ет қуырылып болса, пиязды салып, араластыра отырып қуыруды жалғастырасыз.
  4. Енді қазанға сәбізді салып қуырыңыз. 2 минуттай қазанның қақпағын жауып бұқтырып, 150 мл қайнаған су құясыз.
  5. 3 дана лавр жапырағын, өзіңізге ұнайтын дәмдеуіштерді, тұз бен бұрышты салу керек. Осылайша 20-25 минут бұқтырамыз.
  6. 30 минут өтіп кетті ғой деп отырған боларсыз. Ең қызық жеріне енді келдік. Палаудың қалай тез дайындалатынын енді айтамыз. Ол үшін біз бір күн бұрын суға салып қойған күрішті бөлек ыдысқа салып, қайнатып аламыз. Піскен күрішті әбден қайнап, еті мен көкөністері піскен, суы тартылған қазанға саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, палауды салып жей беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Қарбыз жегенде ағза қандай өзгеріске ұшырайды?


"САЛАТ жабу" науқаны: "ЛЕЧО" салатының өте дәмді 5 ТҮРЛІ рецепті


Қарбыз бен қиярдан СУПЕР салат