Қарбыз бен қауын пісіп, шөлді қандыра жеп жүрген боларсыздар. Алайда қарбыздан салат дайындап көрдіңіздер ме?
Өте дәмді әрі дәруменге бай салатты жасауға көп уақыт кетпейді. Жазда өзі жеңіл, бірақ тойымды тамақ жегіңіз келсе осы салатты тез-тез әзірлеп жіберіңіз. Ендеше рецептіне мән берейік!
Қажетті заттар:
- 250 гр. қарбыз
- 2 дана орташа көлемдегі қияр
- 120 гр. ірімшік
- 50 гр. салат жапырағы.
Дайындалу тәсілі:
- Қарбызды кесіп, ортасынан 250 гр қызыл етін алыңыз. Дәндерінен тазартып, текшелеп тураңыз.
- Қиярды жуып, оны да текшелеп немесе жартылай дөңгелек қалыпта тураңыз. Егер қиярдың қабығы ащы болса, аршуға болады.
- Ірімшік пен салат жапырағын қалауыңызша турап, барлығын табаққа салып араластырыңыз.
Салат дайын болды. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
Банан қосылған нан: ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕДІ
Таңғы асқа дайындалатын дәмді бөлішкелер
Үйде дайындаймыз: ШІЛДЕДЕ шөл басатын ШАЙДЫҢ екі түрі