Асқабақ қосылған ДӘМДІ пісірмелер

0
3 298

Денсаулықты нығайтатын бақша өнімінен мына екі түрлі пісірмені жасасаңыз, ағзаға мықты энергия сыйлайсыз!


Асқабақ қосылған ДӘМДІ пісірмелер
Асқабақ дәруменге бай пайдалы көкөністердің бірі. Оның құрамында С, В1, В2, В5, Е, РР дәрумендері мен ағзадағы зат алмасу жүйесін жеңілдететін Т және қанның ұюына ықпал болатын К дәрумені, калий, кальций, темір кездеседі. Денсаулықты нығайтатын бақша өнімінен мына екі түрлі пісірмені жасасаңыз, ағзаға мықты энергия сыйлайсыз!


Тауық еті мен асқабақ пісірмесі

Қажетті заттар:

  • 450 гр. асқабақ
  • 250 гр. тауық еті
  • 20 гр. сары май
  • 2 тіс сарымсақ
  • 1 шай қасық бал
  • 2 ас қасық лимон
  • 1 шай қасық кептірілген ақжелкен
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • Қуыруға өсімдік майы

Дайындалу тәсілі:

  1. Асқабақты жуып, қабығын аршимыз. Сосын орташа көлемде төртбұрыштап тураймыз.
  2. Тауық етін жуып, қағаз майлыққа салып, біраз кептіріп аламыз. Сосын етті бөлшектеп турау қажет.
  3. Тауық еті мен асқабақты табаққа салып, тұз, бұрыш салып араластырамыз. Сосын майдаланған бір тіс сарымсақ мен лимон шырынын, бал саласыз. Барлығын жақсылап араластырып, 20 минутқа қалдыру керек.
  4. Табаға май құйып, қыздырып, асқабақ пен тауық етін салып қуырамыз. Ет ағарғанша қуырыңыз.
  5. Содан соң осы қуырманы пісірмеге арналған формаға салып, 180 градусқа қыздырылған пеште 20-30 минут пісіру керек.
  6. Енді жұмсақ сары май мен престен өткізілген 1 түйір сарымсақты, кептірілген ақжелкенді араластырыңыз.
  7. Дайын болған асқабақ пен тауық етін тәрелкеге салып, бетіне сары май араласпасын құйыңыз. Еріген май мен сарымсақ, ақжелкен тағамға хош иіс беріп, тәбетті аша түседі. Астарыңыз дәмді болсын!


Асқабақ пен күріш пісірмесі


Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. асқабақ
  • 3 дана жұмыртқа
  • 100 гр. қант
  • 100 гр. күріш
  • 5 ас қасық сары май
  • 0,5 стақан жаңғақ
  • Лимон қабығы
  • Ванилин мен дәміне қарай тұз салынады

Дайындалу тәсілі:

Күрішті қайнатып, пісіріп алу керек. Асқабақты үккіштен өткізесіз. Ал, жұмыртқаның сары уызы мен ағын екі бөлек ыдысқа салу қажет.

Содан соң 3 ас қасық ерітілген сары майға 100 гр қант, жұмыртқа сары уызын, лимон қабығын, ванилин мен жаңғақты араластырамыз.

Осы араласпаға үккіштен өткізілген асқабақ пен қайнатылған жұмыртқаны қосамыз.

Жұмыртқаның ақ уызына тұз қосып, миксермен араластырыңыз. Сосын дайын массаға құямыз.

Форманы сары маймен майлап, барлығын саламыз да, бетіне 2 ас қасық сары майды кесіп саламыз.

Қызып тұрған пешке салып, 40-50 минут пісіреміз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Балаңыз МЕКТЕПТЕ не жеп жүр? Мына 5 түрлі ЖҮРЕКЖАЛҒАРды дайындап бере аласыз


2 жылда 341 000 оқырман жинаған ИНСТА-ЖҰЛДЫЗдардың құпиясы қандай?